16
Апрель
2019
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқытушылар құрамына білім беру саласындағы медиацияның артықшылықтары түсіндірілді. Кездесуді Орал қаласының №2 сотының судьясы София Ахмерова мен Батыс Қазақстан облысының медиаторлар Одағының төрайымы Алуа Ракишева өткізді. Олар оқытушылар жұмысындағы медиацияның ғылыми маңыздылығы, туындаған даулар мен жанжалдарды шешуде тараптардың мүдделері мен әлеуметтік әділеттігін сақтай отырып шешу жолдары туралы баяндады. Көрсетілген мәліметтер бойынша 2018 жылы медиация көмегімен шешілген іс саны 943 болса, 2019 жылдың ақпан айына дейіннің өзінде 262 іс шешілген, оның ішінде 98 (27) бітімгершілік келісім, 825 (163) медиацияның көмегімен және 16 (1) партисипативті тәртіпте шешілген.
Судья С.Ахмерова соттағы азаматтық-құқықтық даулар санының төмендеуі, татуластыру рәсімдерінің мүмкіндерінің азаматтық сот өндірісіне дейінгі дауларды шешудегі кеңею аясы тақырыбын да қозғады.
Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар медиацияның білім беру саласындағы дамуы бойынша пікір алмасты.