Медиация – тиімді әңгімелесу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, даудың сотқа дейінгі ретін табу, екі жақтың келісімі.
2022 жылдың 28 ақпанында БҚО ҚХА Татуласу орталығының бастамасымен БҚМУ мен БҚАТУ студенттері арасында "Медиация – келісім мен бірліктің бастауы" атты дебат зияткерлік ойыны өткізілді. Американдық – парламенттік форматтағы(АПФ) дебат – бұл логика, ақыл-ой және риторика саласындағы жарыс. Ойын парламент палатасындағы пікірталастарға еліктейді. Екі команда – Үкімет пен Оппозиция Парламент палатасы ұсынған тақырып аясында жасалған заң жобасын қарастырады. Дебатқа «Ақиқат» жастар бірлестігінің мүшелері (БҚМУ) және «Рух» пікірсайыс орталығының мүшелері (БҚАТУ) қатысты. Жеребе бойынша «Ақиқат» фракциясы (БҚМУ)- Үкімет, ал «Рух» фракциясы (БҚАТУ)- Оппозиция деп танылды. Дебат тәртібіне сәйкес, ойын үш кезеңнен тұрды. Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Төрешілер ешбір командаға артықшылық бермей, ойынды әділ бағалады. Ойынның жеңімпазы «Рух» фракциясы (БҚАТУ) деп жарияланды, олар өз көзқарасын жарқын және сенімді түрде жеткізе білді. Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен марапатталды. Іс – шараны ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін БҚМУ мен БҚАТУ басшылығына, сондай-ақ төрешілердің мүшесі, БҚИТУ тарих және құқық факультетінің аға оқытушысы, алдыңғы дебатта жеңіске жеткен «Элита» командасының кураторы Ғабдулов Ахатқа алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, ойынға тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан Орал қаласының белсенді қоғамдық медиаторы Қайреден Жақсығұлов осы шара барысында 70 жасқа толуына орай, «Алғыс хатпен» марапатталды. Бұл шараның өз жалғасы болады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады. БҚО Татуласу орталығының басшысы: А. Г. Рахишева,
2021 жылғы 30 қарашада БҚО Татуластыру орталығында медиатор-мұғалімдер арасында «Үздік мектеп медиаторы», «Үздік мектеп медиация кабинеті» байқауы өткізілді. Байқау барысында мектептегі медиаторлардың жұмысы туралы толық материалдар ұсынылды. Біздің үздік мектеп медиаторлары: 1 орын – Каплун Е.П., «№ 3 ЖББМ» КММ; 2 орын – Зулхаева А. Т., «№ 50 ЖББМ» КММ. Үздік медиация кабинеттері: 1 орын – Жумадиярова М.Б., «№ 16 ЖББМ» КММ; 1 орын – Толеуова Ж. Қ., «№ 45 ЖББМ» КММ. Біз арамызда орнаған әріптестік пен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз. Осыған байланысты 15 желтоқсанда Ассамблея үйінде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, онда жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталады: 1 орын – 50 000 тг., 2 орын-30 000 тг., 3 орын-20 000 тг.
2021 жылдың 21 қазанында БҚО Татуласу орталығының бастамасымен БҚИТУ мен ҚазИТЖУ студенттері арасында «Жастардың медиация қызметіне көзқарасы» атты дебат интеллектуалдық сайысы өтті. Дебат – белгілі бір ережелерге сәйкес берілген тақырып бойынша дау. Жеребе бойынша «Элита» (БҚИТУ) командасының студенттері «жақтаушы» ретінде белгіленген тезисті растайтын және дәлелдейтін тарап, ал «Фемида» (КазИТЖУ) командасының студенттері «даттаушы» ретінде теріске шығаратын тарап деп анықталып, сайысқа түсті. Дебат төрт раундтан тұрды, онда: жүргізуші (тайм-спикер) және төрт адамнан тұратын екі команда ойнады. Сондай-ақ, қарсылас команда мүшелері де жанкүйерлер де «қарсы сұрақтар» қойды. Дау-дамайда командалар дәлелдермен жұмыс істеді, сұхбаттасушыны соңына дейін тыңдауға, өз ойларын қысқа және нақты білдіруге, қарсыластарының ұстанымына шыдамдылықпен қарауға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, адам мен азамат атағына лайық болуға үйренді. Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Қазылар алқасы ешбір командаға артықшылық бермей, ойынды әділ бағалады. Пікірсайыс нәтижесінде ойынның жеңімпазы «Элита» (БҚИТУ) командасы деп жарияланды, ол өз позициясын ең жарқын және сенімді түрде қорғап шықты. Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, ұйымдастыруға көмектескені үшін БҚИТУ басшылығына және қазылар алқасының мүшелері – Орал қалалық № 2 сотының судьясы Гульнара Мусауроваға, қоғамдық медиатор Жаксыгулов Қайреденге алғыс айтамыз. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын табады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады.
2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бүкіл ел бойынша өтіп жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Татуласу орталығының ұжымы Ашық есік күні форматында «Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің символы» атты іс-шара өткізді. Адамзаттың әдемі жаратылыс өкілдері ақ орамалда. Қазақтардың тарихында оның терең философиялық мәні бар. Ақ түс-тазалықтың, ананың, ар-намыстың, татулықтың белгісі. Медиаторлар, Ардагерлер және Аналар кеңесі мен жұртшылық өкілдері арасындағы кездесу аясында демократиялық қоғамның негізі ретінде медиация туралы диалог орнатылды. Қатысушылар отбасындағы бейбітшілікті, жанашырлық сезімін ояту, балалары мен немерелерін толеранттылық рухында тәрбиелеу ерте жастан қажет деп санайды. Жиналғандар елімізде тұратын барлық ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды. Бұл күні Татуласу орталығына отбасылық жанжалдар даулары, қарызды өндіріп алу, алименттерді өндіріп алу, жол-көлік оқиғасы туралы төрт өтініш келіп түсті.