10
маусым
2021
2021 жылдың 10 маусым айында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының Татуласу орталығы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Келісімге БҚО Татуласу орталығының басшысы Алуа Рахишева мен БҚИТУ проректоры Аянбек Абекешев қол қойды. Меморандумға қол қою рәсімінде Орал қаласының № 2 сотының судьясы Гүлфия Батырғалиева, БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алтынай Давлетова, БҚО Татуласу орталығының психологы Айгерім Малахова, университет оқытушылары сөз сөйледі. Қатысушылар көпмәдениетті білім мен этносаралық қарым-қатынасты дамыту үшін зияткерлік әлеуетті қалыптастыру мақсатында медиация институтын дамыту және одан әрі жемісті ынтымақтастық үшін келісімге қол қоюдың маңыздылығын; педагогтар мен студент жастарды өңірлік деңгейде бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәдениетіне тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Меморандумға қол қою рәсімі аяқталған соң қонақтар үшін университеттің кабинеттері: медиация залы, криминалистикалық кабинет, сот отырыстары залы бойынша экскурсия жүргізілді.