21
қазан
2021
2021 жылдың 21 қазанында БҚО Татуласу орталығының бастамасымен БҚИТУ мен ҚазИТЖУ студенттері арасында «Жастардың медиация қызметіне көзқарасы» атты дебат интеллектуалдық сайысы өтті. Дебат – белгілі бір ережелерге сәйкес берілген тақырып бойынша дау. Жеребе бойынша «Элита» (БҚИТУ) командасының студенттері «жақтаушы» ретінде белгіленген тезисті растайтын және дәлелдейтін тарап, ал «Фемида» (КазИТЖУ) командасының студенттері «даттаушы» ретінде теріске шығаратын тарап деп анықталып, сайысқа түсті. Дебат төрт раундтан тұрды, онда: жүргізуші (тайм-спикер) және төрт адамнан тұратын екі команда ойнады. Сондай-ақ, қарсылас команда мүшелері де жанкүйерлер де «қарсы сұрақтар» қойды. Дау-дамайда командалар дәлелдермен жұмыс істеді, сұхбаттасушыны соңына дейін тыңдауға, өз ойларын қысқа және нақты білдіруге, қарсыластарының ұстанымына шыдамдылықпен қарауға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, адам мен азамат атағына лайық болуға үйренді. Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Қазылар алқасы ешбір командаға артықшылық бермей, ойынды әділ бағалады. Пікірсайыс нәтижесінде ойынның жеңімпазы «Элита» (БҚИТУ) командасы деп жарияланды, ол өз позициясын ең жарқын және сенімді түрде қорғап шықты. Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, ұйымдастыруға көмектескені үшін БҚИТУ басшылығына және қазылар алқасының мүшелері – Орал қалалық № 2 сотының судьясы Гульнара Мусауроваға, қоғамдық медиатор Жаксыгулов Қайреденге алғыс айтамыз. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын табады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады.