Сұрақ қою


Сіздің атыңыз

Телефон нөмірі

Электрондық пошта мекен-жайы

Сіздің аймағыңыз

Сіздің сұрағыңыз

Рахмет! Сіздің сұрағыңыз сәтті жіберілді.

Медиация туралы жиі қойылатын сұрақтар

Медиация – бұл медиатордың ықпалымен тараптар арасындағы дауды олардың өзара қолайлы шешімге жету мақастында тараптардың еркін келісімдерімен іске асырылатын реттеу рәсімі.

 

Медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағыазаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға қолданылады, сонымен бірге қылмыстық сот ісін жүзеге асыру барысында қаралатын онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша.

 

- Әсіресе қандай істер медиация тәртібімен қаралады – азаматтық па әлде қылмыстық па?

- Азаматтық, олар ең көп үлесін құрайды. Мысалы, былтырғы жылы қаралған 22 мың істің, нақ азаматтық бойынша 19 693 келісім бекітілген. Сот медиациясы азаматтар үшін ыңғайлы болмайтын уақыт келер деген ой бар, және олар дауды шешу үшін арбитражға, медиаторларға жүгінетін болады. Медиаторды таңдау және медиацияның түрін таңдау құқығы әрдайым тараптардың қалауында.


- Медиацияның келешегі неде?

- Бірінші кезекте, бөлек шет елдерінің мысалдарымен даулардың кейбір санаттарын сотқа дейінгі міндетті түрдегі реттеуді енгізуде. Ал даулардың қандай санаттары нақ медиацияны қолдануға жататынын және олардың соттан тыс реттеуіне халықтың қаншалықты қызығушылығы бар екендігін білу үшін.

 

Жоғарғы сот осы жылдың ақпан айынан бастап жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Жоба балалардың құқықтары мен мүдделеріне, еңбек, мұрагерлікке, тұрғын үйге, үйді су басқандағы залады өндіруге қатысты дауларды және отбасылық, келісім шарттық, сақтандырулық және т.б. құқықтарғы атысты дауларды қосады.Бұл сұрақтар, әдеттегідей,ұзақ қарым-қатынасты көздейді, тараптар арасындағы бейбітшілікті сақтау дауға қатысушылардың – туысқандар, көршілер, жұмыс беруші мен жұмысшы, банк пен қарызға алушы,сақтандырушы мен сақтанушы, және тағы басқаларының өздері үшін аса маңызды, сондықтан да осы санаттар жобаға кіргізілді.

 

- Пилоттық жоба Медиация туралы заңына қайшы келмейді ма?

- Мүлдем қайшы келмейді, бұл мәселе де жете ойластырылған. Біріншіден, бұл жерде еріктілік принципы жұмыс істейді, тараптар пилоттық жобаға қатысу дайындығын жазбаша түрде куәландырады. Екіншіден, олар медиация өткізу келісімін медиаторлармен немесе сотқа медиация рәсімін судья өткізу туралы өтініш жазуларына құқылы.

 

- Жалпы, медиация – бұл ерікті іс па әлде міндетті ма?

- Барлық келіссөз рәсімдердегіндей, медиацияда тараптардың еріктігі қажет. Дауладың бірқатар санаттары бойынша сотқа дейінгі міндетті медиацияны енгізудің қарсыластары, нақ еріктік принципі бойынша жүгінеді. Алайда, басқа елдерде, мысалы АҚШ-тағы бірқатар штаттарды медиация бір санаттар бойынша міндетті болады, ал кейбір санаттар бойынша еріктік.


- Әсіресе медиация қайдва өткізіледі, сотта ма әлде соттан тыс жерде ма?

- Сотта да, соттан тыс та. Мысалы, статистика бойынша 2017 жылдың мамыр айының басына Қазақстан соттарында медиация тәртібімен 8220 азаматтық іс қаралып, олардың 5821-і судьямен өткізілсе, қалған 2373-і медиаторлардың қатысуымен өткізілген. Назар аударғым келетіні, бұл істердің барлығы соттың өндірісіндегі істер. Бірақ медиация соттан тыс та өткізіледі.
Қазақстан халық Ассамблеясының деректері бойынша, сотқа дейінгі талқылау кезеңінде 2017 жылдың мамыр айына 3781 дау шешілген, олардың ішінен 2773 – медиаторлармен, 1008-і ҚХА қоғамдық медиаторлармен өткізілген.

Бірақта біздің пилоттық жобаның бұйымы болмайтын басқа да даулар медиациямен қаралуға жататын болды. Бұлар әсіресе, мүлікке меншік құқығы туралы даулар, кәсіпкерлер арасындағы келісім-шарттық даулар, жеке тұлғлар арасындағы жеткізілім, жалдау, алу-сату, тасымалдау бойынша даулар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша даулар, зиялылық меншік аясындағы даулар, корпоративтік даулар.

Медиация тәжірибесін қозғайтын стратегиялық үрдістер бойынша зерттеулерде, кейбір авторлар медиацияның еріктік, құпиялық және бейтарап құрауыштары тарихына, салттарына және қайбір аумақтың қорына сәйкес әртүрлі нысанды қабылдайтынын көрсетеді. Алайда, «басқа жағдайларда біріктірілген бола тұра, әртүрлі тәсілдерді араластырғаннан, жаңа өмірін бастайды және жаңа мәнмәтіндегі қайбір тапсырмаларды шешу үшін бірегей және танылған болады.» Бұндай ахуал Қазақстан үшін де тән деп санаймыз.


- Азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасына қарай медиаторларды мамандандыру қажет пе?

- Мамандандыру қажет, ол жөнінде Ұлттық денсаулық сақтау Палатасының ҚХА-мен қол қойылған меморандум куәландырады. Отбасылық, сақтандыру, банктік медиациялар орталықтарын, корпоративтік дауларды шешу орталықтарын құру керек екеніне сенімдіміз. Медиаторлармен көрсетіліп жатырған қызметтер сапасының жоғарғылығы бұл кәсіптің қажеттілігін күшейтеді.

 

-Алайда адвокаттар мен заңгерлер медиацияға қарсы ғой...
- Ондай жағдай бүкіл әлемде болып жатыр. «Адвокаттар медиацияны қолжетімді нұсқа ретінде жиі немесе мүлдем айтпайды, немесе медиацияның сот процессімен салыстырғандағы құндылығының немесе жетіспеушілігінің толық талдауын ұсынбайды» - дейді Зерттеуші Дон Питерс. Заңгерлердің көбіне медиацияның немесе сот егесінің келешегін болжау және барабар салыстырмалы талдау үшін қажеттілігін түсінбегендерін және білмегендерін сезіну үшін жоғары кәсіптік медиатормен бір немесе екі рет жұмыс жасауы жеткілікті.

Медиация заңгерлерге өздерінің орындарының әлсіз жақтарын және қарсыластың келешегін жақсы түсінуіне көмектеседі, ал ол әлеуетті жеңіс пен жеңілісті медиацияның мүмкін қортындысын қаралған сот талқылауының нәтижесін қисын болжамдарымен салыстыру қорытындысы бойынша шешімді қабылдауда өздерінің клиенттеріне одан да сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді,

Уақыт өте келе, біздің заңгерлер медиацияның азаматтар үшін маңызды екенін түсінеді деп үміттенемін.

- Ал медиатордың қызметтері жұртшылық үшін ақылы ма әлде тегін бе?

- Ақылы, алайда азаматтардың кейбір санттарына кепілдік тегін қызмет көрсету туралы мәселе және медиаторды бір саланың маманы ретінде көпшілік алдында жайғастыру мәселесі заңды түрде шешілу үшін, медиатордың қызметін әлеуметтендіру қажет. Ол үшін кәсіп жіктеушіге медиатор кәсібін кіргізу қажет, біліктілік талаптар жасақтау керек және т.б.