МЕДИАТОР –төреші де емес, судья да емес. Ол шешім қабылдамайды.
Медиатор жанжал қатысушылары арасында КЕЛІССӨЗДЕР ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ, тараптарға өздерінің келіспеушіліктерін реттеуге және екі жақты да қанағаттандыратын бір келісімге келуге көмектеседі.
Медиация рәсімінде ТАРАПТАР өздері, біреудің араласуынсыз ҚОРЫТЫНДЫ КЕЛІСІМДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ. Медиатор бұл ретте әр тараптың мүддесін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тырысады. Сәтті медиация барлық қатысушыларды екі жаққа бірдей жеңіске әкеледі.
МЕДИАЦИЯ ТӘСІЛДЕРІ, ең бастысы, серіктестік аңғарына келіссөздер еңгізуге және «ЖЕҢІС—ЖЕҢІС» деген секілді олардың НӘТИЖЕГЕ деген бағытына сүйенеді.
МЕДИАТОРДЫҢ МАҚСАТЫ: дау бойынша барлық тараптарды қолдау және қатысушыларды өз пікірлерін және сезінулерін айтуына ниеттендіріп, бейтарап болып қалуға. Тараптар өздерінің пікірлерін, көзқарастарын, мүдделерін, уәждерін және қалауларын айту үшін әділдік пен бірдей мүмкіндікпен қамту қажет.
МЕДИАЦИЯ РӘСІМІ
- Медиация өткізу үшін бөлме мен жұмыс орнын дайындау, максималды ыңғайлы жағдай жасау. (кеңсе жабдықтары, кесе, су)
- Келіссөз үстел үстінде тараптарды медиатордан бірдей қашықтықта орналастыру қажет, тараптар кірер есікке, жарық көзіне, салқындатқышқа және т.б. бірдей қолжетімді болу керек.
- Медиаторды, тараптарды таныстыру. Тараптарға олардың үдерісте басты рөлді ойнайтындарын айту қажет.
- Медиатордың кіріспе сөзі, медиация рәсімі және оның негізгі принциптері бойынша бірнеше сөз.
- Медияцияға қатысу туралы шешімдері еріктілігін және даудың бейбітшілік шешімін табу ниеттері шындығын анықтау.
- Тараптардың қанша уақыттары бар екенін анықтау керек және медиация әсіресе 2-3 сағат уақыт алатынын түсіндіру қажет.
- Тараптармен кезекпе кезек жағдайды айтуы.
- Әдеттегідей, өз позициясын бірінші болып медиация Орталығына жолыққан адам айтады, содан соң екінші жақ сөйлейді.
- Талқыланып жатырған жағдай бойынша тараптар пікіралмасуы.
- Кокустар – медиатордың ұсынуы бойынша, медиатордың әр тараппен ұзақтылығы мен саны бірдей кеңесуі.
- Талқылау және шешім қабылдау үшін тармақ тізімін анықтау, екі жаққа тең тиімді нұсқалар қарастыру.
- Дауды реттеу туралы келісімін жасақтау, керек кезде нотариус арқылы куәландыру.
- Келісім медиация тараптарының санына қарай жасалады (керек кезде – бір данасы нотариусқа, біреуі сотқа табыстау үшін).