26
тамыз
2021
2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бүкіл ел бойынша өтіп жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Татуласу орталығының ұжымы Ашық есік күні форматында «Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің символы» атты іс-шара өткізді. Адамзаттың әдемі жаратылыс өкілдері ақ орамалда. Қазақтардың тарихында оның терең философиялық мәні бар. Ақ түс-тазалықтың, ананың, ар-намыстың, татулықтың белгісі. Медиаторлар, Ардагерлер және Аналар кеңесі мен жұртшылық өкілдері арасындағы кездесу аясында демократиялық қоғамның негізі ретінде медиация туралы диалог орнатылды. Қатысушылар отбасындағы бейбітшілікті, жанашырлық сезімін ояту, балалары мен немерелерін толеранттылық рухында тәрбиелеу ерте жастан қажет деп санайды. Жиналғандар елімізде тұратын барлық ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды.
Бұл күні Татуласу орталығына отбасылық жанжалдар даулары, қарызды өндіріп алу, алименттерді өндіріп алу, жол-көлік оқиғасы туралы төрт өтініш келіп түсті.