29
сәуір
2021
Ежелден бері қақтығыстарды тиімді шешу мәселесі адамның өмір сүруінің маңызды шарты болды. Медиация – дауды сотқа дейін реттеу. Азаматтар да, заңды тұлғалар да медиацияға белсенді жүгінген кезде сот жүйесіне түсетін салмақты едәуір азайтуға, сол арқылы неғұрлым ірі істерді шешу сапасын арттыруға болады.
Қазіргі уақытта Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының сотында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер кеңінен қолданылады, оларды кейіннен сот бекітеді. БҚО Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы Сағитова Гүлжихан Темірболатқызы – дауларды медиация жолымен реттеудің белсенді жақтаушысы ғана емес, сонымен қатар парасатты, интеллектісі жоғары, сот этикасы қағидаттарын сақтайтын, медиацияны дамытуға өз үлесін қосып жүрген қоғамдық медиаторларды үнемі қолдап отыратын құрметті адам. Соның бір айғағы: Гүлжихан Сағитованың республикалық «Заңгер» журналында «Медиацияны дамытуға соттан басқа бірден бір құрылым ынталы емес» атты мақаласы жарияланды. Осы мақалада автор істің бітімгершілікпен бітуіне мемлекеттік құрылымдар да мүдделі болуы тиіс екенін атап көрсетті.
Мақтауға лайықты адамдар туралы айту үшін, бізге олар туралы білу маңызды!