Сұрақ қою


Сіздің атыңыз

Телефон нөмірі

Электрондық пошта мекен-жайы

Сіздің аймағыңыз

Сіздің сұрағыңыз

Рахмет! Сіздің сұрағыңыз сәтті жіберілді.

Жаңалықтар

Медиация некені сақтап қалды

20

желтоқсан

2018

Алдын ала сот отырысында азаматша М.-ның азамат М.-ға қатысты талап арызы бойынша неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды. Істі қарау барысында тараптар  дауды медиация арқылы реттеу  және өндірісінде іс қаралып жатқан судьяның медиация өткізуі туралы өтініштерін білдірді. Нәтижесінде сот тараптардың келісімін бекітіп, іс өндірісін тоқтату жөнінде ұйғарым шығарды.

Сотпен келісімді бекіту алдында - медиациялық келісімге келудің  заңға қайшылық етпейтіндігін,ешкімнің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындығы туралы  тараптарға құқықтық салдарлары түсіндірілді

ҚР «Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Азаматтық-процесуалдық Кодексінің 107 бабы және 548 б. 1 б.1 т.1-2 тармақшаларын негізге ала отырып, талапкерге төленген мемлекеттік баж соммасын толық көлемде  қайтару  сот ұйғарымында аталып өтті.

Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

25

маусым

2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Адранов Орал қаласының №2 сотының ғимаратында татуласу кабинетін ашу рәсіміне қатысты.

22

тамыз

2018

Талап қоюшы С сотқа жауапкер С-тен өзін күтіп-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен жүгініп, 2017 жылдан бастап жауапкермен заңды некеде тұрғаны, некеден екі кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екен. 2018 жылғы соттың шешімімен неке бұзылды. Туған баласы үш жасқа жеткенше жүктілік демалыста болуына байланысты жауапкерден өзін күтіп-бағуға 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

16

сәуір

2019

11 және 15 ақпан аралығында Қазталов ауданының № 2 сотымен үй жануарын иелену мен қарызды өндіруге қатысты 2 азаматтық іс тоқтатылды.

16

сәуір

2019

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен бережақты өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Істің құжаттарынан анықталғандай тараптар арасында жеделдік, төлемділік және қайтарымдылық талаптарында несие беру жөнінде келісім шарт жасалған. Алайда жауапкер келісім бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты 232 111 теңге бережақ сомасы жиналған. Талап қоюшы көрсетілген сомманы өндіруді талап еткен.

27

қаңтар

2021

2021 жылдың 27 қаңтарында БҚО ҚХА Татуласу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БҚО білім басқармасы арасындағы меморандумның міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қалалық және кейбір аудандық мектептердің директорларымен «Білім беру мекемелеріндегі  медиация технологиялары» тақырыбында онлайн конференция өткізді.

20

желтоқсан

2018

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі маманданырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

15

маусым

2021

БҚО Татуласу орталығы өзінің практикалық қызметінде тараптарға уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе отырып, дауларды шешудің заманауи құралдарын пайдалану үшін медиацияны дамытудың негізгі трендтеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Медиация институты жеңілдетілген және жеделдетілген рәсімді ұсына отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етеді. Казталов ауданы Жалпақтал ауылы № 2 сотының төрағасы Бижанов Айвар Серікұлы даулы жағдайларды шешуге, сондай-ақ сотқа дейінгі тәртіппен қабылданатын істердің санын ұлғайтуға жәрдемдеседі. Судья аудандық медиаторларды қолдайды және тараптарды медиацияға бағыттайды. Медиативтік дағдыларды игерудің арқасында Казталов ауданы Қараөзен ауылының қоғамдық медиаторы және құрметті азаматы Кенжеғалиев Амангелді Сатыбалдыұлы өз қолымен кабинетті рәсімдеп, өңірдегі дауларды реттеудің баламалы достық нысандарын дамыту мақсатында сәтті медиативтік келісімдер жүргізуде.

24

қаңтар

2019

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы ұсақ-түйек жымқыру мақсатында бірнеше рет, жәбірленушілерге болмашы мөлшерде 3800 теңгеге материалдық залал келтірген. Сот отырысы барысында қылмыстық іс бойынша сотталушы мен жәбірленушілер өзара медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы сұраған.

20

қыркүйек

2018

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен талапкер К.-тен жауапкер М.-тан моральдық залал өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

25

маусым

2018

Бұрынғы жұбайының және қазіргі жұбайының пайдасына балаларды асырап бағу үшін алимент төлеп отырған талап қоюшы алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

23

маусым

2021

2021 жылдың 23 маусым күні Татуласу орталығында «Экономикалық даулар бойынша медиация» семинар-кеңесі өтті. БҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен БҚО Татуласу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның міндеттерін іске асыру мақсатында БҚО МАЭС судьялары Алтынай Давлетова, Любовь Корсакова экономикалық саладағы, бизнес-ортадағы даулар туралы ақпарат берді. Семинарға қатысушы медиаторлар мен этномәдени орталықтардың мүшелері практикалық жағдайларды талдағаннан кейін медиация институтын дамытудың маңыздылығын, этносаралық өзара іс-әрекетін мәдениетін қалыптастыру және өңірлік деңгейде қоғамдық келісімге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

30

наурыз

2021

Төртінші күн. 2021 жылдың 30 наурызында БҚО Татуласу орталығында келесі он мектеп медиаторларына арналған «Мектеп – медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Семинарға қатысушылар қақтығыстарды талқылау және шешу барысында келіссөздер шеберлігімен және ұсыныстарымен бөлісті.

28

қараша

2018

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына АҚ-нан ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша 2 млн 500 мың теңге мөлшерінде қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Тараптар арасында 4 853 160 теңге сомма көлемінде тауарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, ЖШС осы шарт бойынша өз міндеттерін орындап, алайда АҚ-ы жеткізілген тауар сомасын үшін төлемді ішінара төлеген.

16

сәуір

2019

Талап қоюшы «С» жауапкер «К-тан» материалдық залалды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгініп , арызында 2018 жылдың сәуір айында келісім шарт жасалып, жауапкерге жазғы жайлауға 61 бас қой тапсырылған. 2018 жылдың қапаша айында жайлаудың аяқтауына бйланысты жауапкер қойларды қайтарып, соның ішінде 3 үлкен қой және 1 қошақан жетпегені көрсетті. Жауапкерден 145.000 теңге материалдық залалды өндіруді сұраған.

26

ақпан

2021

2021 жылғы 26 ақпанда БҚО ҚХА Татуласу орталығында Алғыс айту күніне орай Орал қаласы мектептерінің ата-аналар комитеті өкілдерімен офлайн және онлайн режимінде «Ризашылық» психологиялық семинар-тренинг өтті. Мектеп медиациясы қызметі (татуластыру қызметі) – бұл оқу-тәрбие қызметі процесінде туындайтын жанжалды жағдайлардың алдын алуға және шешуге жәрдемдесуге бағытталған әртүрлі деңгейдегі оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың (білім беру ұйымы қызметкерлерінің, оқушылардың, ата-аналардың және т.б.) бірлестігі.

27

мамыр

2021

Студент жастар арасындағы жанжалды азайту мақсатында 2021 жылдың 27 мамырында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен БҚО Татуласу орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Дөңгелек үстел барысында меморандумға қатысушылардың алдағы міндеттері талқыланды. Айта кететін болсақ, БҚО Татуласу орталығына 2021 жылдың басынан бастап 5 ай ішінде 103 өтініш келіп түсті, оның ішінде 36 медиативтік келісім жасалып, 67 кеңес өткізілді.

01

қазан

2018

2018 жылдың маусымында Батыс Қазақстан облысында сандық медиация порталы іске қосылды. Электрондық сервиске барлық азаматтар келесі сілтеме бойынша қол жеткізе алады: www.mzko.kz

05

тамыз

2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылғы 5 тамызда БҚО Татуласу орталығында ҚР «Медиация туралы» Заңының 10 жылдығына және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің 5 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға БҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ықсанова, БҚО Татуласту орталығының басшысы Алуа Рахишева, Татуласу орталығының қызметкерлері, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі Аққайын Балықова, БҚО ҚХА кәсіби және қоғамдық медиаторлары, «БҚО Медиаторлар одағы» ЗТБ, аудандық ішкі саясат болімдерінің, білім беру саласының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері – барлығы 95 адам қатысты. Диалог алаңы барысында қатысушылар медиацияның қалыптасу кезеңдері туралы бірқатар мәселелерді егжей-тегжейлі айтып берді, БҚО ҚХА медиация бөлімінің жетістіктері мен нәтижелері туралы әңгімеледі, жергілікті жерлерде медиацияның дамуына талдау жасады және өңірдегі медиация институтын дамытудың маңызды тақырыптарын талқылады.

28

қараша

2018

Талапкер А. мен жауапкер Б.-ға қатысты баламен араласу тәртібін анықтау туралы арызда, тараптардың бұрын заңды некеде тұрғаны, жауапкер оған ұлымен араласуға кедергі жасайтындығы көрсетілген.

25

маусым

2018

Айыпталушы залалды өтеп, жәбірленушімен татуласты, осыған байланысты тараптар қылмыстық істі тоқтату және қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш білдірді.

12

қараша

2018

Талапкер сотқа жауапкерден жол-көлік оқиғасынның салдарынан болған 800 000 тенге көлемінде материалдық шығынды өндіру туралы талабымен жүгінді. Сот отырысы барысында тараптар татуластыру рәсімдері арқылы медиациялық келісімге келіп, бұл келісім бойынша жауапкер келісім жасалған күні бір төлеммен 300 000 тенге, ал қалған 100 000 тенгені 01.10.2019 жылдан бастап 30.07.2020 жылға дейін бөліп төлеуге міндеттелді, ал талапкер өз талабынан бас тартады.

16

наурыз

2021

2021 жылдың 16 наурызында БҚО Татуласу орталығында мектеп медиаторларына арналған «Мектеп – медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Шараға келісілген кесте бойынша Орал қаласының 10(он) мектебінен медиаторлар қатысты.

23

тамыз

2018

«А» ЖШС мен «Б» МКК-нің арасында 3 750 000 тенгеден астам сомаға тауар алу туралы мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. ЖШС-і келісім бойынша өз міндеттері орындалған, ал МКК-ы тауар ақысын ішінара төлеген. Берешек 750 000 тенгеден астам соманы құрайды

20

желтоқсан

2018

2018 жылдың қазан айында азамат Д. азамат Г-дан құны 3 000 теңге тұратын әмияні мен ақщасын ұрлаған, яғни ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігімен қөзделген ұсақ-түйек жымқыру белгілермен қылмыстық теріс қылықты жасаған.

17

қыркүйек

2018

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында Орал қаласының Салтанат Сарайында Форум өткізілді.

16

сәуір

2019

Тасқала аудандық сотында 2018 жылдың басында жауапкерге бағуға берілген 4 жылқының жоғалуы нәтижесінде келтірілген 1 400 000 теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы дау реттелді.

18

наурыз

2021

Екінші күн. 2021 жылдың 18 наурызында БҚО Татуласу орталығында келесі он мектеп медиаторларына арналған «Мектеп – медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Семинарға қатысушылар қақтығыстарды талқылау барысында келіссөздер шеберлігімен және ұсыныстарымен бөлісті.

01

наурыз

2021

2021 жылдың 1 наурызында БҚО ҚХА Татуласу орталығында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға қатысушылар, қаланың қоғамдық медиаторлары – бұрынғы судьялар, заңгерлер. Диалог алаңында олар қоғамдағы жанжалдың алдын алу және деңгейін төмендету мақсатында медиация институтын дамыту бойынша пікір алмасып, ұсыныстар жасады.

21

қазан

2021

2021 жылдың 21 қазанында БҚО Татуласу орталығының бастамасымен БҚИТУ мен ҚазИТЖУ студенттері арасында «Жастардың медиация қызметіне көзқарасы» атты дебат интеллектуалдық сайысы өтті. Дебат – белгілі бір ережелерге сәйкес берілген тақырып бойынша дау. Жеребе бойынша «Элита» (БҚИТУ) командасының студенттері «жақтаушы» ретінде белгіленген тезисті растайтын және дәлелдейтін тарап, ал «Фемида» (КазИТЖУ) командасының студенттері «даттаушы» ретінде теріске шығаратын тарап деп анықталып, сайысқа түсті. Дебат төрт раундтан тұрды, онда: жүргізуші (тайм-спикер) және төрт адамнан тұратын екі команда ойнады. Сондай-ақ, қарсылас команда мүшелері де жанкүйерлер де «қарсы сұрақтар» қойды. Дау-дамайда командалар дәлелдермен жұмыс істеді, сұхбаттасушыны соңына дейін тыңдауға, өз ойларын қысқа және нақты білдіруге, қарсыластарының ұстанымына шыдамдылықпен қарауға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, адам мен азамат атағына лайық болуға үйренді. Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Қазылар алқасы ешбір командаға артықшылық бермей, ойынды әділ бағалады. Пікірсайыс нәтижесінде ойынның жеңімпазы «Элита» (БҚИТУ) командасы деп жарияланды, ол өз позициясын ең жарқын және сенімді түрде қорғап шықты. Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, ұйымдастыруға көмектескені үшін БҚИТУ басшылығына және қазылар алқасының мүшелері – Орал қалалық № 2 сотының судьясы Гульнара Мусауроваға, қоғамдық медиатор Жаксыгулов Қайреденге алғыс айтамыз. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын табады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады.

16

сәуір

2019

«Бітімгершілік: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шеңберінде Бөрлі ауданында Билер кеңесін тағайындау туралы отырысы өтті.

08

ақпан

2019

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының Судьялар Одағы Билер кеңесі туралы ереже жобасын дайындады. Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында жоба Батыс Қазақстан облысының әкімінің шешімімен мақұлданды. Ережемен Билер кеңесінің негізгі міндеттері, құру тәртібі, Билер кеңесінің қызметін ұйымдастыру және қызметінің тоқтатылуы туралы мәселелер реттелген.

23

сәуір

2021

2021 жылдың 23 сәуір күні БҚО ҚХА Татуласу орталығында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және цифрлық технологиялар колледжі (ҚазИТУ) заң кафедрасының оқытушылары және студенттерімен кездесу өтті. 2019 жылы колледжде медиация кабинеті ашылды. Татуласу орталығы мен колледж қызметкерлері көпмәдениетті білім беру мен этносаралық қарым-қатынасты дамыту үшін зияткерлік әлеуетті құру; педагогтар мен студент жастарды өңірлік деңгейде бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында одан әрі жемісті ынтымақтастықты жалғастыру талқыланды.

25

маусым

2021

2021 жылдың 25 маусымында Тасқала ауданының ішкі саясат басқармасының бастамасымен оффлайн және онлайн режимінде «Медиация: тәжірибе, даму болашағы» семинары өтті, оған Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Талғат Шәкіров, БҚО Татуласу орталығының, Ақжайық, Жаңақала, Тасқала аудандарының медиаторлары, ауылдық округ әкімдері, жергілікті полиция қызметі және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар жұмыс тәжірибесімен алмасып, өңірлердегі медиация институтын дамытудың жолдарын талқылап, аудандарда медиация кабинеттерін құру мәселесін көтерді.

12

қаңтар

2021

Жылдам!  Үнемді!   Тиімді!  Құпиялы ! 2020 жылдың желтоқсан айында БҚО ҚХА Татуласу орталығына 21 өтініш келіп түсті, оның ішінде 15  кеңес өткізілді және 6 медиация жасалды.

16

сәуір

2019

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық істері бойынша екі медиативтік келісім жасалды.

20

желтоқсан

2018

Талапкер жауапкерден тұрғын жайды жалға алуға байланысты пайда болған 213 000 теңге мөлшеріндегі борыш қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

22

сәуір

2021

Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО-да (АвтоЦОН) «Ашық әкімдік» жобасы аясында тұрғындар дауды сотқа дейін БҚО ҚХА қоғамдық және кәсіби медиаторларына немесе Сарайшық көшесі, 47 мекенжайы бойынша орналасқан БҚО Татуласу орталығына жүгініп, шеше алады. Рахишева Алуа Гильмановна – 8 777 694 17 45 Нурмаханова Улбазар Касымбековна – 8 747 532 20 58 Жаксыгулов Кайреден Кадыргалиевич – 8 747 880 56 13 Ерназаров Тлеккабыл – 8 777 375 31 98 Алдияров Беккали Ислямович – 8 776 312 59 11

20

желтоқсан

2018

Жеке кәсіпкер «И» жауапкер «Ж-дан» берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгініп, 2015 жылдың қараша айында жауапкер «Ж» қарызға тауар алып, бірнеше айда 49.800 теңге берешек сомасын қайтаруға міндеттенгені туралы жазбаша қолхат берілген. Алайда, бүгінгі уақытқа дейін берешек сомсасын қайтармаған. Жауапкер «Ж-дан» 49.800 теңге берешек сомасын және мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.

27

қыркүйек

2018

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тұрғыны азамат А.бұрын бір жылдың ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза қолданылған азамаат А., арақ ішкен мас күйінде бола тұрып, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм елді мекеніндегі үйінің ішінде, өзінің баласы Е-ты балағаттап, айқай-шу шығарып, мазасын алып үй тұрғындардың тыныштығын бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылыққа тартылды.

28

ақпан

2022

2022 жылдың 28 ақпанында БҚО ҚХА Татуласу орталығының бастамасымен БҚМУ мен БҚАТУ студенттері арасында "Медиация – келісім мен бірліктің бастауы" атты дебат зияткерлік ойыны өткізілді. Американдық – парламенттік форматтағы(АПФ) дебат – бұл логика, ақыл-ой және риторика саласындағы жарыс. Ойын парламент палатасындағы пікірталастарға еліктейді. Екі команда – Үкімет пен Оппозиция Парламент палатасы ұсынған тақырып аясында жасалған заң жобасын қарастырады. Дебатқа «Ақиқат» жастар бірлестігінің мүшелері (БҚМУ) және «Рух» пікірсайыс орталығының мүшелері (БҚАТУ) қатысты. Жеребе бойынша «Ақиқат» фракциясы (БҚМУ)- Үкімет, ал «Рух» фракциясы (БҚАТУ)- Оппозиция деп танылды. Дебат тәртібіне сәйкес, ойын үш кезеңнен тұрды. Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Төрешілер ешбір командаға артықшылық бермей, ойынды әділ бағалады. Ойынның жеңімпазы «Рух» фракциясы (БҚАТУ) деп жарияланды, олар өз көзқарасын жарқын және сенімді түрде жеткізе білді. Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен марапатталды. Іс – шараны ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін БҚМУ мен БҚАТУ басшылығына, сондай-ақ төрешілердің мүшесі, БҚИТУ тарих және құқық факультетінің аға оқытушысы, алдыңғы дебатта жеңіске жеткен «Элита» командасының кураторы Ғабдулов Ахатқа алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, ойынға тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан Орал қаласының белсенді қоғамдық медиаторы Қайреден Жақсығұлов осы шара барысында 70 жасқа толуына орай, «Алғыс хатпен» марапатталды. Бұл шараның өз жалғасы болады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады. БҚО Татуласу орталығының басшысы: А. Г. Рахишева,

01

қазан

2018

Қазақша ақпарат көрсетілмеген

12

қараша

2018

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер мен жауапкердің арасында кәмелетке толмаған 2016 жылы туған баланың әкесін анықтау және кәмелеттік жасқа толғанша алимент өндіру туралы дау сот медиациясын қолдану арқылы шешілді.

12

қараша

2018

Талапкер сотқа талап арыз беріп, үйдің бағалау құны бойынша 3 189 000 тенге тұратын және құны 332 000 тенге тұратын автокөлікті жалпы сомасы 3 521 000 тенгені бөлуді, сондай-ақ төленген 35 210 тенге мемлекеттік баж салығын жауапкерден өндіруді сұрады.

20

желтоқсан

2018

Соттың қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

13

мамыр

2021

2021 жылдың 13 мамыр күні БҚО Татуласу орталығында қалалық медиация орталықтарының кәсіби медиаторларының қатысуымен. Семинарға қатысушылар жанжалдарды талқылау және шешу барысында келіссөздер шеберлігімен бөлісе отырып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, медиацияның дамуына кедергі келтіретін факторлар айтылды. Кез келген жағдайда біздің сайттың мекен-жайын белгілеп, дау туындаған жағдайда медиацияны қолданып көріңіз. Сіздерге жеңісті бірге тойлау ұнайтын болады! www.mediation07.kz 8 (7112)25-00-55 8(7112)25-03-77

30

қараша

2021

2021 жылғы 30 қарашада БҚО Татуластыру орталығында медиатор-мұғалімдер арасында «Үздік мектеп медиаторы», «Үздік мектеп медиация кабинеті» байқауы өткізілді. Байқау барысында мектептегі медиаторлардың жұмысы туралы толық материалдар ұсынылды. Біздің үздік мектеп медиаторлары: 1 орын – Каплун Е.П., «№ 3 ЖББМ» КММ; 2 орын – Зулхаева А. Т., «№ 50 ЖББМ» КММ. Үздік медиация кабинеттері: 1 орын – Жумадиярова М.Б., «№ 16 ЖББМ» КММ; 1 орын – Толеуова Ж. Қ., «№ 45 ЖББМ» КММ. Біз арамызда орнаған әріптестік пен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз. Осыған байланысты 15 желтоқсанда Ассамблея үйінде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, онда жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталады: 1 орын – 50 000 тг., 2 орын-30 000 тг., 3 орын-20 000 тг.

29

сәуір

2021

Ежелден бері қақтығыстарды тиімді шешу мәселесі адамның өмір сүруінің маңызды шарты болды. Медиация – дауды сотқа дейін реттеу. Азаматтар да, заңды тұлғалар да медиацияға белсенді жүгінген кезде сот жүйесіне түсетін салмақты едәуір азайтуға, сол арқылы неғұрлым ірі істерді шешу сапасын арттыруға болады. Қазіргі уақытта Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының сотында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер кеңінен қолданылады, оларды кейіннен сот бекітеді. БҚО Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы Сағитова Гүлжихан Темірболатқызы – дауларды медиация жолымен реттеудің белсенді жақтаушысы ғана емес, сонымен қатар парасатты, интеллектісі жоғары, сот этикасы қағидаттарын сақтайтын, медиацияны дамытуға өз үлесін қосып жүрген қоғамдық медиаторларды үнемі қолдап отыратын құрметті адам. Соның бір айғағы: Гүлжихан Сағитованың республикалық «Заңгер» журналында «Медиацияны дамытуға соттан басқа бірден бір құрылым ынталы емес» атты мақаласы жарияланды. Осы мақалада автор істің бітімгершілікпен бітуіне мемлекеттік құрылымдар да мүдделі болуы тиіс екенін атап көрсетті. Мақтауға лайықты адамдар туралы айту үшін, бізге олар туралы білу маңызды!

16

сәуір

2019

Тасқала аудандық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының шеңберінде некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген ерлі-зайыптыларды психологмен кәсіпқой емес медиатор татуластырды.

12

қараша

2018

Жуырда татуласу орталығында ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлімі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс медиатор Мурзагалий Дюсембеевтің араласуымен, Зеленов ауданы прокурорының және қылмыстық іс тараптарының қатысуымен медиация тәртібімен қысқартылды.

16

сәуір

2019

Бәйтерек аудандық сотымен "Отбасылық сот" пилоттық жобасы аясында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Сот басқа біреудің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтін, заңға қайшы келмейтін ұсынылған келісімді зерделеп, тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы келісім жасасудың салдарын түсіндірді.

16

сәуір

2019

Орал қаласының №5 емханасында медиация кабинеті ашылды. Бұл денсаулық сақтау саласында ашылып отырған алғаш медиация кабинеті.

17

қыркүйек

2018

Билер кеңесінің басты мақсаты - халық арасындағы ұсақ-тиек дауларды сотқа жеткізбей тұрып ауылдың ақсақалдары, яғни билердің араласуымен, кеңесімен шешу. Бұл игі бастама азаматтар үшін де, сот органдары үшін де тиімді, жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға сөзсіз ықпал ететіндігінде.

20

маусым

2018

БҚО Казталов ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы «К» ЖШС-і арызданып, жауапкер «Г»-ден тұрғын үй коммуналдық жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмсалған 165 959 теңге бережақ сомасын өндіруді сұраған.

22

маусым

2018

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «А» жеке кәсіпкерінің жауапкер «Б» ЖШС-не берешек сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

28

қараша

2018

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен 30 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық ісі қаралды.

21

қаңтар

2018

Пилоттық жоба халықтың барлық топтарына қол жетімді медиаторлар қызметіне жүгінуге жағдай жасайды және өз қызметін екі кезеңнен тұратын пилоттық режимде бастайды.

14

желтоқсан

2018

Құрметті Батыс Қазақстан облысының медиаторлары! 27 желтоқсан 2018 жылы медиаторлар конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!!!

20

желтоқсан

2018

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен республикалық конкурстың «ҚХА-ның үздік медиаторы» номинациясының жеңімпазы болып Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпқой емес медиаторы Құрман Бисегалиев танылды.

22

тамыз

2018

Іс материалына сай, азамат В., «Батысгазстрой» ЖШС-де дәнекерлеуші болып жұмыс жасап жүріп, 2018 жылдың маусым айының 25 күні сағат 20:00 шамасында, аталған мекеменің Казталов ауданы, Талдыапан ауылында жалдап тұрған үйдің сарайынан 46 дана дәнекерлейтін электродын жымқырған. Нәтижесінде «Батысгазстрой» ЖШС-не жалпы құны 1200 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

25

наурыз

2021

Үшінші күн. 2021 жылдың 25 наурызында БҚО Татуласу орталығында кестеге сай келесі он мектептің медиаторларына арналған «Мектеп-медиация – келісім» семинар-тренингі өтті.

20

қыркүйек

2018

айыпталушы О. 2017 жылы қараша алькогольдік мас күйінде азамат С.-тың дүкеніне қызметтік кіре берістен заңсыз енуге әрекет жасап, бірақ сол кезде дүкенде С. бар екенін түсініп, дүкендегі 50 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлауға бағытталған қылмыстық әрекетін өзінің еркіне байланысты емес себептермен әрі қарай жалғастыра алмады. Одан әрі қылмыстық әрекетін жалғастырып 2017 жылдың қараша айының соңында О. алкогольдік мас күйінде азаматша Б.-ның үйіне заңсыз кіріп, жасырын түрде оның мүлкін ұрлап, жәбірленушіге 186 500 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірген.

25

маусым

2018

Сот отырысы барысында тараптар бітімгершілікке келіп, медиация тәртібімен дауды шешіп іс қысқартылды.

21

қаңтар

2018

«Сандық технология арқылы медиацияға қолжетімділік» электрондық қызмет көрсетудің пилоттық жобасы азаматтардың медиаторларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

21

қаңтар

2018

Медиацияның жалпы курсына арналған тренинг 2017 жылғы 13 қарашада басталады. Тренингтің ұзақтығы - 5 күн.

27

қыркүйек

2018

Талапкер жауапкерге 200 000 теңге ақшаны қарызға берген, алайда соңғы қарыз ақшасын бермеген. Сот отырысында тараптар араларындағы дауды судья-медиатор арқылы шешіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініштерін мәлімдеді.

16

сәуір

2019

2017 жылы неке бұзу туралы сотқа 22 талап қою арызы берілсе, оның ішінде 9 іс бойынша тараптар медиация рәсімімен татуласқан. 2018 жылы сотқа келіп түскен 32 неке бұзу туралы талап қою арызының 7 бойынша тараптар татуласқан.

01

тамыз

2017

Порталдың функционалдығы жаңартылды және мобильді қосымша сыналды.

25

мамыр

2021

Соттың кез келген төрағасының қызметі жан-жақты. Бірақ біз, медиаторлар, қойылған міндеттерді орындауға мемлекеттік тәсілді жүзеге асыратын, атап айтқанда: кәсіби және қоғамдық медиаторлардың көмегімен дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтауға күш салатын судьялар туралы айтамыз. Шынында да, өкінішке орай, қазіргі қоғам қақтығыстың жоғары деңгейімен, келіссөздер жүргізе алмауымен, сондай-ақ ымыраға келуімен ерекшеленеді. Бірақ, Ақжайық аудандық сотының төрағасы Нұрғалиев Әлібек Мұратұлы медиаторлармен тығыз байланыста болуының арқасында ауданда медиация табысты жүргізіліп қана қоймай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтармен де жұмыс жүргізілуде. Мысалы, қоғамдық медиатор Бисеғалиев Құрман Жанұзақұлы медиациядан кейін учаскелік инспекторлармен бірлесіп медиативтік келісім жасасқан тараптармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Барлық жұмыстар Бисеғалиев Құрманның журналдарында тіркелген. Бұл жоба – дауды медиатордың көмегімен реттегеннен кейін, тараптардың одан арғы өзара іс-қимыл процесін бақылауда ұстап, дұрыс бағыт-бағдар беретін оңтайлы әдіс. Сонымен қатар, басқа да қоғамдық медиаторларға үлгі боларлықтай игілікті іс деп ойлаймын.

18

маусым

2018

Іс құжаттары бойынша, бұрын некеде тұрған ерлі-зайыптылардың араларында үйдің дәлізінде сөзбен жанжалдасу барысында бір-бірін соққан.

22

тамыз

2018

2018 жылдың наурыз ацйында азамат К. жол жүрісі қағидаларын бұзып, азаматша М-ның автокөлігімен соқтығыс жасаған, осымен оған 167 000 тенге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

22

маусым

2018

БҚО Бөрлі аудандық сотымен талап қоюшы «А»-ның жауапкер «Е»-ге заңсыз пайдаланған жер учаскесін босату туралы арзы бойынша азаматтық іс қаралды.

31

қаңтар

2019

БҚО, Казталов ауданының №2 аудандық сотымен «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасын жүзеге асыру мақсатында татуластыру кабинеті ашылып, белсенді жұмыс жасап келеді.

10

қазан

2018

Талапкер З. жауапкер С- мен заңды некеде тұрған. Бұл некеден екі баласы бар, балаларының бірі бала күнінен мүгедек екенін мәлімдеп, талапкерден баланы емдеуге қосымша шығындарды өтеуге 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өндіріп беруді сұрады.

10

маусым

2021

2021 жылдың 10 маусым айында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының Татуласу орталығы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Келісімге БҚО Татуласу орталығының басшысы Алуа Рахишева мен БҚИТУ проректоры Аянбек Абекешев қол қойды. Меморандумға қол қою рәсімінде Орал қаласының № 2 сотының судьясы Гүлфия Батырғалиева, БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алтынай Давлетова, БҚО Татуласу орталығының психологы Айгерім Малахова, университет оқытушылары сөз сөйледі. Қатысушылар көпмәдениетті білім мен этносаралық қарым-қатынасты дамыту үшін зияткерлік әлеуетті қалыптастыру мақсатында медиация институтын дамыту және одан әрі жемісті ынтымақтастық үшін келісімге қол қоюдың маңыздылығын; педагогтар мен студент жастарды өңірлік деңгейде бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәдениетіне тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Меморандумға қол қою рәсімі аяқталған соң қонақтар үшін университеттің кабинеттері: медиация залы, криминалистикалық кабинет, сот отырыстары залы бойынша экскурсия жүргізілді.

25

маусым

2018

Орал қаласының №2 сотында сот медиациясын қолданумен 1 750 000 теңге көлеміндегі шығынды өтеу туралы азаматтық істің қаралуы аяқталды.

20

қыркүйек

2018

Жәнібек аудандық сотына жергілікті тұрғын неке бұзу туралы талап арызымен жүгінді. Істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптарға медиацияның мүмкіндіктері мен салдары түсіндірілді.

16

сәуір

2019

Каратобинский районный суд прекратил два уголовных дела в порядке медиации по факту кражи чужого имущества. В судебном заседании подсудимые, признали вину и заявили, что в настоящее время между ними и потерпевшими по результатам проведения процедуры медиации заключены медиативные соглашения, причиненные ущербы ими возмещены.

31

қаңтар

2019

Орал қаласының №2 сотымен татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша жоспар жасақталды. Жоспар аясында судья Альбина Абилкаримова мен Батыс Қазақстан облысының медиаторлар Одағының төрайымы Алуа Ракишева «Жайықжылуқуат» АҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

20

желтоқсан

2018

Азамат Н. сотқа талап арыз түсіріп, онда көрсеткен, яғни 16.10.2018 жылы, К. алкогольдік ішімдік ішкен күйінде ешқандай құжаттары жоқ автокөлік басқарып, жол жүрісі заңнамасын бұзып, оның басқарып келе жатырған автокөлігіне соқтығысып, бүлінуге әкеп соққан. Осы жағдай бойынша К. соттың қаулысымен кінәлі танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде оның автокөлігіне келтірілген зиян, сарапшының есебі бойынша 251181 теңгені құрайды. Осы материалдық залал ретіндегі сома мөлшерін жауапкер К-дан өндіруді сұраған.

12

қараша

2018

Тараптардың арасындағы дау анасының баламен тұрақты тұрғылықты мекен-жайға ҚР-нан тыс жерге Ресей Федерациясына көшуге ниет білдіруінен туындаған.

17

қыркүйек

2018

Дауды бітістіру рәсімін қолдана отырып, жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен тараптарға хабарлама жіберіліп, еңбек ұжымының өтініші оңалтылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салдары және артықшылығы, қорытындысы, медиациялық келісімнің тәртібі түсіндірілді.

16

сәуір

2019

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында Билер кеңесі мүшелері ауыл тұрғындары арасында дау-жанжалдарды шешуге белсене қатысуда.

16

сәуір

2019

БҚО облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» жобасы аясында Отбасылық даудағы психологтің атқаратын рөлі атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

22

тамыз

2018

«Орал-Отау» ЖК-гі жауапкер А-дан қарыз соммасы мен тұрақсыздық соммасын өндіру жөніндегі талап арызбен сотқа жүгінді. Талап арыз бойынша 18.02.2018 жылы тараптар арасында қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасалынған, аталған шартта талапкер- қызмет көрсетуші пәтер сатып алушыны іздездіріп, ал жауапкер - тапсырыс беруші орындаушының қызметі үшін 300 000 тенге көлемінде төлеуге тиіс.

20

қыркүйек

2018

Сотталушы кәмелетке толмаған Ч. тергеумен анықталмаған адамдармен бірге қасақана тонау ниетімен «Строитель» шағын ауданында орналасқан №9 мектептін шарбағында кәмелетке толмаған К.-ға оның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, жәбірленушінің «Айфон-5» маркалы ұялы телефоның ашық тонап, кәмелетке толмаған К.-ға 100 000 теңге материалдық шығын келтірген.

14

сәуір

2021

Алтыншы күн. 2021 жылдың 14 сәуірінде БҚО ҚХА Татуласу орталығында мектеп медиаторларының жұмыс тобына арналған «Мектеп-медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Медиаторлар мектеп жанжалдарын ғана емес, этносаралық және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жанжалдарды талқылау және шешу бойынша келіссөздер жүргізу шеберліктерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Психолог тиімді тренингтер өткізді. Семинар соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылар іс-шараға жоғары баға берді, семинарды өткізу мен оның пайдалы жақтарын атап өтті. Білім беру ұйымдарында ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру толеранттылықты тәрбиелеудің мақсатты процесі, этникалық қарым-қатынас және этникалық ағарту мәдениеті ретінде қарастырылады, оған этникалық толеранттылық дағдыларын қалыптастыру, білім берудің оңтайлы құралдарын таңдау, оқушыларға педагогикалық әсер ету жүйесін құру кіреді. Кез-келген жағдайда біздің сайттың мекен-жайын белгілеп, дау туындаған кезде медиацияны қолданып көріңіз. Сіздерге жеңісті бірге тойлау ұнайтын болады! www.mediation07.kz 8 (7112)25-00-55 8(7112)25-03-77

31

қаңтар

2019

Зеленов ауданының №2 аудандық сотында жеке тұлғалар арасындағы дау бойынша азаматтық іс қысқартылған. Екі жақтын тараптары бітімгершілік келісімге келді.

16

сәуір

2019

Енді медицина саласының қызметкерлеріне шағымдары бар емделушілер тікелей медиаторға жүгіне алады. Медиация кабинетінің ашылуында БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова, Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев, БҚО медиаторлар Одағының төрайымы Алуа Рақышева, аурухана директоры Арман Калибеков және аурухана ұжымы қатысты.

20

желтоқсан

2018

Татуласу орталығында қылмыстық іс бойынша медиативтік келісім жасалды. Қоғамдық медиатордың көмегімен жәбірленуші мен сотталушы татуласуға келісті.

16

сәуір

2019

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқытушылар құрамына білім беру саласындағы медиацияның артықшылықтары түсіндірілді. Кездесуді Орал қаласының №2 сотының судьясы София Ахмерова мен Батыс Қазақстан облысының медиаторлар Одағының төрайымы Алуа Ракишева өткізді.

24

қаңтар

2019

Сырым аудандық сотының өндірісінде жекеше айыптаушылар Н. мен У-ның Қ-ты ҚК-тің 130-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жекеше айыптау туралы іс болды ‑ жала жабу. Сот отырысында жекеше айыптаушылар Н. мен У-дан Қ-ға қатысты жекеше айыптаудан бас тарту туралы арыз түсті.

24

қаңтар

2019

Іс құжаттарынан анықталғандай, тараптар үйді сату-сатып алу жөнінде келіскен. Үйдің құны 450 000 теңгеге келісіп ақшасын талап қоюшы жауапкерге берген. Үйдің құжаттары дұрыс болмағандықтан жауапкер құжаттарды 2017 жылдың қыркүйек айына дейін рәсімдеп беретіні туралы қолхат берген. Алайда жауапкер келісілген мерзімде үйдің құжаттарын рәсімдей алмаған. Талап қоюшы жауапкерден 450 000 теңгені өндіруді талап етті.

25

маусым

2018

БҚО Ақсай қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайының ұзақ уақыт бойы екі жасөспірім балаларының тәрбиесі мен оқытуына атсалыспайтынын, олардың өмірі мен тағдырына бей-жай қарайтынын және балаларды бағып-қағуға материалдық көмек көрсетпейтін негізге келтіріп, оның аналық құқықтарынан айыру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

01

сәуір

2021

Бесінші күн. 2021 жылдың 1 сәурінде БҚО Татуласу орталығында кестеге сай келесі он мектеп медиаторларына арналған «Мектеп – медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Бүгінгі күнмен семинар өз жұмысының бірінші кезеңін аяқтады. Осы бес күн ішінде қалалық 52 мектеп медиаторлары қақтығыстарды талқылау және шешу барысында келіссөздер шеберлігімен және ұсыныстарымен бөлісті.

25

маусым

2018

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Үйінде «Батыс Қазақстан облысындағы медиация дамуының тиімді тәсілдері» тақырыбында медиаторлардың облыстық форумы өтті.

10

қазан

2018

Азамат Р. өз үйінде азаматтық некедегі жұбайын себепсіз ұрып-соғып тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасаған.

20

желтоқсан

2018

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 187 бабының 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық қаралып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

20

қыркүйек

2018

Казталов аудандық сотымен берешектерді өндіру туралы талап арыздар бойынша бес азаматтық іс қарады.

20

желтоқсан

2018

"Татуласу: сотқа дейін, сотта" пилоттық жобасын іске асыру аясында Переметный ауылындғы Татуласу орталығында Зеленов аудандық сотының төрайымы Роза Сариева мен Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтың жеті ауылдық округінің қоғамдық медиаторларымен және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен кездесу өткізді.

22

тамыз

2018

Ағымдағы жылдың 25 мамыры мен 30 маусымы аралығында Орал қаласының МӘС-нда «Түнгі сот» пилоттық жобасы жұмыс жасады. Пилоттық жобаның жүзеге асырылу мерзімінде түнгі сотпен әкімшілік құқықбұзушылық туралы 237 іс қаралды.

24

қаңтар

2019

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс медиаторларының байқауы қорытындыланды.

16

сәуір

2019

Казталов ауданының №2 аудандық соты Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратымен бірлесіп «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жоба аясында Татуласу орталығын ашты.

27

қыркүйек

2018

Казталов ауданының №2 сотымен неке бұзу туралы екі азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды.

17

қыркүйек

2018

Азамат Х сотқа шағым жазып, көршісі Б-тің қорасына өзінің қойларын қарауға барған кезде, көршісі арақ ішкен мас күйде бола тұрып, айқай шу шығарып, неше түрлі дөрекі сөздер айтып, боқтап балағаттап, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, абыройын түсіргені үшін ҚР-ның ҚК-нің 131 – бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

31

қаңтар

2019

Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынар Шайдиева жергілікті «Agjaiyg» телеарнадан «Сот жүйесінің 7 тасы» тақырыбында сөз қозғады.

15

қараша

2017

2017 жылғы 14 қарашада сағат 18:30 Заң колледжінде «Медиация: бәсекелестік орнына ынтымақтастық» мастер-класы өтеді.

24

қаңтар

2019

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматтық істі қайта қарап, дауды партисипативтік рәсім арқылы реттеу туралы келісімді бекітті. Талапкер мен жауапкер арасындағы даудың негізі шаруашылық құрылыс салу мәселесі болған.

20

маусым

2018

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының № 2 аудандық соты талап қоюшы Ш-ның жауапкер М-ге қойған талап арызын қарады. Іс бойынша жауапкер талапкерден 165000 теңге алып, орнына 100 қап жем беруге міндеттелген. Алайда жауапкер келісілген мерзімде не алған ақшаны қайтармаған, не 100 қап жем бермеген.

17

қыркүйек

2018

Тасқала аудандық сотымен жалақыны өндіру туралы азаматтық істі сот медиация тәртібімен тоқтатылды.

25

қаңтар

2019

Батыс Қазақстан облысының әкімі өз шешімімен Билер кеңесі туралы ережені бекітті, бұл ереже Өңір судьялары одағының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында әзірленген.

22

маусым

2018

2015 жылдың ақпан айында талапкер мен жауапкердің арасында еңбек шарты жасалған, талапкер техникалық қызметкер ретінде жұмыс атқарған. 2017 жылдың қараша айынан бастап жауапкер талапкерге жалақысын төлемеген, сол себептен 2018 жылдың наурызынан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды. Дауды сотқа жеткізбей реттемек болған әрекетінен ештеңе шықпаған талапкер сотқа шағымдануға мәжбүр болды.

25

маусым

2018

Ортақ келісімге келіп, іс медиативті келісім шарт жасасумен қысқартылды.

26

тамыз

2021

2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бүкіл ел бойынша өтіп жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында Татуласу орталығының ұжымы Ашық есік күні форматында «Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің символы» атты іс-шара өткізді. Адамзаттың әдемі жаратылыс өкілдері ақ орамалда. Қазақтардың тарихында оның терең философиялық мәні бар. Ақ түс-тазалықтың, ананың, ар-намыстың, татулықтың белгісі. Медиаторлар, Ардагерлер және Аналар кеңесі мен жұртшылық өкілдері арасындағы кездесу аясында демократиялық қоғамның негізі ретінде медиация туралы диалог орнатылды. Қатысушылар отбасындағы бейбітшілікті, жанашырлық сезімін ояту, балалары мен немерелерін толеранттылық рухында тәрбиелеу ерте жастан қажет деп санайды. Жиналғандар елімізде тұратын барлық ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырды. Бұл күні Татуласу орталығына отбасылық жанжалдар даулары, қарызды өндіріп алу, алименттерді өндіріп алу, жол-көлік оқиғасы туралы төрт өтініш келіп түсті.

20

желтоқсан

2018

Казталов аудандық сотымен жалпы құны 750 000 теңге құрайтын материалдық залалды өндіру туралы 3 азаматтық іс қаралды.

10

қазан

2018

Талапкер жауапкердің жұмыс жасамайтынын, бала тәрбиесіне қарамайтынын айтып некені бұзуды сұраған.

28

қараша

2018

Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған құқықбұзушы Ж. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотпен әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс өндірістен қысқартылды.