18
маусым
2018
БҚО-ның Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1, 2 -бөлімдерімен бұрын некеде тұрған ерлі-зайыптыларға қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс құжаттары бойынша, бұрын некеде тұрған ерлі-зайыптылардың араларында үйдің дәлізінде сөзбен жанжалдасу барысында бір-бірін соққан. Сараптама қорытындысына сәйкес екеуі де денсаулықтарына жеңіл түрде жарақат алды және полицияға болған оқиғаны хабарлады. Нәтижесінде екеуіне де қарсы әкімшілік материалдар қозғалып, сотқа қарау үшін жіберілген.
Сот талқылау барысында судья тараптарға татуласуға ұсыныс жасап, медиация тәртібінде дауды реттеудің құқығын түсіндірді.
Кәсіпқой емес медиатордың көмегімен тараптар өзара медиативтік келісім жасап, оның шартында өзара татуласқандарын және соттан әкімшілік істерді тоқтатуды сұрады.
Сот қаулыларымен істер өндірісімен медиативтік келісім жасауларына байланысты тоқтатылды.