28
ақпан
2022
2022 жылдың 28 ақпанында БҚО ҚХА Татуласу орталығының бастамасымен БҚМУ мен БҚАТУ студенттері арасында "Медиация – келісім мен бірліктің бастауы" атты дебат зияткерлік ойыны өткізілді. Американдық – парламенттік форматтағы(АПФ) дебат – бұл логика, ақыл-ой және риторика саласындағы жарыс. Ойын парламент палатасындағы пікірталастарға еліктейді. Екі команда – Үкімет пен Оппозиция Парламент палатасы ұсынған тақырып аясында жасалған заң жобасын қарастырады.
Дебатқа «Ақиқат» жастар бірлестігінің мүшелері (БҚМУ) және «Рух» пікірсайыс орталығының мүшелері (БҚАТУ) қатысты.
Жеребе бойынша «Ақиқат» фракциясы (БҚМУ)- Үкімет, ал «Рух» фракциясы (БҚАТУ)- Оппозиция деп танылды.
Дебат тәртібіне сәйкес, ойын үш кезеңнен тұрды.
Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Төрешілер ешбір командаға артықшылық бермей, ойынды әділ бағалады. Ойынның жеңімпазы «Рух» фракциясы (БҚАТУ) деп жарияланды, олар өз көзқарасын жарқын және сенімді түрде жеткізе білді. Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен марапатталды. Іс – шараны ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін БҚМУ мен БҚАТУ басшылығына, сондай-ақ төрешілердің мүшесі, БҚИТУ тарих және құқық факультетінің аға оқытушысы, алдыңғы дебатта жеңіске жеткен «Элита» командасының кураторы Ғабдулов Ахатқа алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, ойынға тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан Орал қаласының белсенді қоғамдық медиаторы Қайреден Жақсығұлов осы шара барысында 70 жасқа толуына орай, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Бұл шараның өз жалғасы болады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады.
БҚО Татуласу орталығының басшысы: А. Г. Рахишева,