24
қаңтар
2019
Сырым аудандық сотының өндірісінде жекеше айыптаушылар Н. мен У-ның Қ-ты ҚК-тің 130-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жекеше айыптау туралы іс болды ‑ жала жабу.
Сот отырысында жекеше айыптаушылар Н. мен У-дан Қ-ға қатысты жекеше айыптаудан бас тарту туралы арыз түсті.
ҚПК-тің 32-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚК-нің 130-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі және олар бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады.
ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігінің 5)-тармақшасына сәйкес, аталған істер жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде тоқтатылуға жатады.
Бұнымен қатар, ҚПК-тің 409-бабының 6-бөлігіне сәйкес, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім түскен жағдайда, iс бойынша iс жүргiзу ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлiгiнiң 5)-тармағы негiзiнде де тоқтатылады.
Сот іс материалдарын зерттеп, соттталушы Қ-қа қатысты іс өндірісін жекеше айыптаушылардың жекеше айыптаудан бас тартуларына және медиация тәртібімен татуласуларына байланысты тоқтатты.
Жеке айыптаудан бас тартудың ҚПК-тің 408-бабының 9-бөлігіндегі құқықтық салдары, яғни жекеше айыптауды бұрын кері қайтарып алынған болса, ол қайтадан қозғалмайтыны түсіндірілді.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.