16
сәуір
2019
Тасқала аудандық сотымен талап қоюшы «С-тың» жауапкер «К-ке» материалдық залалды өндіру туралы азаматтық істі қарады.
Талап қоюшы «С» жауапкер «К-тан» материалдық залалды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгініп , арызында 2018 жылдың сәуір айында келісім шарт жасалып, жауапкерге жазғы жайлауға 61 бас қой тапсырылған. 2018 жылдың қапаша айында жайлаудың аяқтауына бйланысты жауапкер қойларды қайтарып, соның ішінде 3 үлкен қой және 1 қошақан жетпегені көрсетті. Жауапкерден 145.000 теңге материалдық залалды өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптар Тасқала ауданының Билер Кеңесі төрағасы Б.Ж.Тасмаганбетовтың көмегімен медиативтік келісімге келіп, келісімге сай талап қоюшы «С» қойылған талаптардан бас тартады, ал жауапкер «К» 2019 жылдың 01 шілдеге дейін талап қоюшыға бас қойларын қайтарып береді. Аталған келісімді бекіту үшін сотқа ұсынып, істі сот медиация тәртібімен тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен тараптардың арасында жасалған медиативтік келісімі бекітіп, іс бойынша өндірісін тоқтатты. 1.450 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға кері қайтарылды.