20
желтоқсан
2018
Казталов ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 187 бабының 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық қаралып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сотқа мәлім болғаны, 10.09.2018 жылы сотталушы Б. жәбірленуші Х-нің 1000 теңге тұратын темір шеге жұлғышты жасырын жымқырып, көрсетілген сомаға материалдық залал келтірген.
Сот отырысында сотталушы толықтай кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық залалдың орнын толтырып, соңғымен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады, өз кезегінде жәбірленуші материалдық залалдың орны толтырылғанын және сотталушымен медиация тәртібімен татуласқанын растады.
ҚР ҚПК-нің 409 бабының 6 бөлігіне сай, судья тараптарға татуласулары мүмкіндігі барын түсіндіруге міндетті, соның ішінде медиация тәртібімен.
ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігімен аз.Б-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен бір бітімге келіп және зиянды өтеуіне байланысты бітімгершілік тәртібінде өндіріс қысқартылды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі