22
тамыз
2018
Казталов ауданының №2 сотында, электронды форматта ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігіндегі қылмыстық іс қаралды.
Іс материалына сай, азамат В., «Батысгазстрой» ЖШС-де дәнекерлеуші болып жұмыс жасап жүріп, 2018 жылдың маусым айының 25 күні сағат 20:00 шамасында, аталған мекеменің Казталов ауданы, Талдыапан ауылында жалдап тұрған үйдің сарайынан 46 дана дәнекерлейтін электродын жымқырған. Нәтижесінде «Батысгазстрой» ЖШС-не жалпы құны 1200 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Сот талқылауында сотталушы кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын қайтарғанын және тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарын айтып, істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші уәкілі де сотталушымен өзара медиация тәртібімен татуласқандарын растап арызын жолдады.
Тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігіне сай тоқтатылды.