20
желтоқсан
2018
Тасқала аудандық соты жеке қәсіпкердің берешек сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі сот медиациясы тәртібімен тоқтатты.
Жеке кәсіпкер «И» жауапкер «Ж-дан» берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгініп, 2015 жылдың қараша айында жауапкер «Ж» қарызға тауар алып, бірнеше айда 49.800 теңге берешек сомасын қайтаруға міндеттенгені туралы жазбаша қолхат берілген. Алайда, бүгінгі уақытқа дейін берешек сомсасын қайтармаған. Жауапкер «Ж-дан» 49.800 теңге берешек сомасын және мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.
АПК-нің 146 б 2б сай іс оңайтылған (жазбаша) өндірісімен қабылдаған.
Көрсетілген мерзімінде тараптардан медиация тәртібімен істі тоқтату туралы арыз түскен. Арызға 29.11.2018 жылғы дауды(жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жалғанған. Талап қоюшы «И» қойылған талаптан бас тартып, ал жауапкер «Ж» 15.07.2019 жылға дейін 49.800 теңге берешек сомасын төлейтіні туралы келісімге келіп, сот медиациясы рәсімі жолымен дауды (жанжалды) реттелгеніне байланысты, келісімді бекітіп, істі өндірісімен тоқтатуға сұраған.
АПК-нің 147 б 5 б сай, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277, 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.
Сот АПК-нің 277 б 6 б негізінде, сот медиация рәсімін өткізілген неәтижесінде тараптардың дауды реттеу келісімді бекітіп, іс өндірісімен тоқтатылды.