01
қазан
2018
2018 жылдың маусымында Батыс Қазақстан облысында сандық медиация порталы іске қосылғанын назарларыңызға саламыз. Электрондық сервиске барлық азаматтар келесі сілтеме бойынша қол жеткізе алады: www.mzko.kz
Төменде ақпараттық слайдттар келтірілген, онда порталға қол жеткізудің әрекеттер алгоритмі көрсетілген.
Сайтты қолданушы сілтеме бойынша кіріп, медиация туралы материалдармен, медиаторлар тізімімен, жұмыс кестесімен, келтірілген пікірлермен, медиаторлардың жұмыс тәжірибесімен танысуға, медиаторға онлайн-өтінім қалдыруына болады.
Медиаторлар қызметіне онлайн режимінде қол жеткізу – медиаторды уақыт жоғалтпай-ақ табуға, құжаттармен қағазбастылықты жоюға септігін тигізіп, құқық қорғау органдарының жұмысын азайтып, сотқа жүгінбей-ақ дауды шешуге мүмкіндік береді.
Сервисті мобильдік қосымша түрінде жеке гаджеттер мен смартфондарға жүктеп алуға болады.