20
маусым
2018
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының № 2 аудандық соты талап қоюшы Ш-ның жауапкер М-ге қойған талап арызын қарады. Іс бойынша жауапкер талапкерден 165000 теңге алып, орнына 100 қап жем беруге міндеттелген. Алайда жауапкер келісілген мерзімде не алған ақшаны қайтармаған, не 100 қап жем бермеген.
Талап арыз соттың өндірісіне оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қабылданды, электрондық форматта.
Жауапкерге талап қою арызға пікір (қарсылық) ұсыну үшін белгіленген мерзімде тараптар дау бойынша медиация тәртібімен бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, араларындағы жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды. Шарт бойынша жауапкер 01.07.2018 жылға дейін талапкерге 165000 теңге ақшасын қайтарып беруге міндеттенеді, ал талапкер койылған талаптарынан бас тартады.
Нәтижесінде, ҚР АПК-нің 174, 178-180, 277-278 баптарының талаптарына сай, тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, сот ұйғарымы бойынша іс тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.