20
желтоқсан
2018
Теректі ауданының №2 аудандық соты борыш қарызын өндіру туралы азаматтық ісін сот медиациясы тәртібімен тоқтатты.
Сөйтіп, сотқа талапкер жауапкерден тұрғын жайды жалға алуға байланысты пайда болған 213 000 теңге мөлшеріндегі борыш қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.
Сот талқылауы барысында тараптар дауды сот медиациясы рәсімдеуін жүргізу нәтижесінде дауды шешу туралы келісімге келді, оның шарты бойынша талапкер өз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер тұрғын жайды жалға алуға байланысты пайда болған 213 000 теңге мөлшеріндегі қарызды келісілген мерзімге дейін талапкерге төлеуге міндеттенеді.
Олар ұсынылған келісімді бекітуді және іс жүргізу өндірістен тоқтатуды сұрады.
Теректі ауданының №2 аудандық сотының ұйғарымымен, судья-медиатордың медиация рәсімдеуін жүргізу нәтижесінде борыш қарызын өндіру туралы іс өндірістен тоқтатылды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі