12
қараша
2018
Орал қаласының №2 сотымен талапкер М.А-ның жауапкер Р.А-ға шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер сотқа жауапкерден жол-көлік оқиғасынның салдарынан болған 800 000 тенге көлемінде материалдық шығынды өндіру туралы талабымен жүгінді. Сот отырысы барысында тараптар татуластыру рәсімдері арқылы медиациялық келісімге келіп, бұл келісім бойынша жауапкер келісім жасалған күні бір төлеммен 300 000 тенге, ал қалған 100 000 тенгені 01.10.2019 жылдан бастап 30.07.2020 жылға дейін бөліп төлеуге міндеттелді, ал талапкер өз талабынан бас тартады.
Тараптар алдағы уақытта бір-біріне деген талаптардан толығымен бас тартады.
Тараптарға «Медиация» туралы Заңының 27 бабының, Қазақстан Республикасының АПК 277,278 бабының салдары түсіндірілді.