28
қараша
2018
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына АҚ-нан ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша 2 млн 500 мың теңге мөлшерінде қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Тараптар арасында 4 853 160 теңге сомма көлемінде тауарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, ЖШС осы шарт бойынша өз міндеттерін орындап, алайда АҚ-ы жеткізілген тауар сомасын үшін төлемді ішінара төлеген.
Судья сот талқылауы барысында дауды келісу рәсімдерімен шешуді ұсынып, медиация туралы шарт жасасудың салдары мен артықшылықтарының тәртібін түсіндірді. Судья-медиатор қатысуымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тараптар сотқа бекіту үшін, қол қойылған медиаторлық келісімді табыстады, келісімге сәйкес талапкер талаптан бас тартқан, ал жауапкер талап арызда көрсетілген қарызды ағымдағы жылдың сонына дейін төлеуге міндеттелген.
Сот келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.