20
желтоқсан
2018
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен республикалық конкурстың «ҚХА-ның үздік медиаторы» номинациясының жеңімпазы болып Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпқой емес медиаторы Құрман Бисегалиев танылды.
Ол ҚХА-дан арнайы дипломмен және естелік бағалы сыйлықпен марапатталды. Кәсіпқой емес медиатордың табысты еңбегі аудан халқына кеңінен мәлім.
Айталық ағымдағы жылы, медиатор ҚР «Медиация туралы» заңына сәйкес тараптарды татуластыру арқылы 58 дауларды (жанжалдар) қарап шешті.