15
маусым
2021
БҚО Татуласу орталығы өзінің практикалық қызметінде тараптарға уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе отырып, дауларды шешудің заманауи құралдарын пайдалану үшін медиацияны дамытудың негізгі трендтеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Медиация институты жеңілдетілген және жеделдетілген рәсімді ұсына отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етеді. Казталов ауданы Жалпақтал ауылы № 2 сотының төрағасы Бижанов Айвар Серікұлы даулы жағдайларды шешуге, сондай-ақ сотқа дейінгі тәртіппен қабылданатын істердің санын ұлғайтуға жәрдемдеседі. Судья аудандық медиаторларды қолдайды және тараптарды медиацияға бағыттайды.
Медиативтік дағдыларды игерудің арқасында Казталов ауданы Қараөзен ауылының қоғамдық медиаторы және құрметті азаматы Кенжеғалиев Амангелді Сатыбалдыұлы өз қолымен кабинетті рәсімдеп, өңірдегі дауларды реттеудің баламалы достық нысандарын дамыту мақсатында сәтті медиативтік келісімдер жүргізуде.