22
маусым
2018
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «А» жеке кәсіпкерінің жауапкер «Б» ЖШС-не берешек сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.
Осы азаматтық іс бойынша сот медиациясы жүргізілді, медиацияны жүргізу барысында тараптар төмендегі келісімге келді:
«Б» ЖШС-гі берешектің жарты сомасын 31.06.2018 жылы, қалған бөлігін 13.07.2018 жылы төлеуге міндеттенеді.
«А» ЖК-і осы шартты қабылдап, «Б» ЖШС-мен берешек уақытылы төленсе оған қатысты қойған талаптан және тұрақсыздық айыбынан бас тартады.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымның орындалуымен байланысты шығындар «Б» ЖШС-не жүктеледі.
Берешекті төлеу мерзімі «Б» ЖШС-мен бұзылған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым жойылуға жатпайды.
Тараптар іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға қарсы емес.
Егер жауапкермен келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда, талапкердің арызы бойынша атқару парағы беріледі.