16
сәуір
2019
Тасқала аудандық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының шеңберінде некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген ерлі-зайыптыларды психологмен кәсіпқой емес медиатор татуластырды.
Азаматша М некені бұзу талап арызымен сотқа жүгуінуге тілек білдіпірп, жолдасы М еш жерде жұмыс жасамайтыны, спирттік ішімдіктерді ішетіні көрсетті. «Отбасылық Сот» пилоттық жобасының шеңберінде тараптарға сотқа дейінгі дауды реттеу бойынша психологпен медиаторға жүгінуді ұсынылған.
Отбасылық жанжалдың себебін анықтап, психолог Айжан Мухтарова мен кәсіпқой емес медиатор Жания Сулейменованың сұхбаттасу барысында, тараптар отбасыны сақтауға қалағаны, сонымен бірге төрт кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін айқындап, медиация тәртібімен татуластырды.
Сөйтіп, ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінбей, уақытын және қаражаттын үнемдеп, «Отбасылық Сот» пилоттық жобасының шеңберінде, сотқа дауласу үшін жоламай, дауды сотқа дейін реттеу барысында психологпен кәсіпқой емес медиатордың көмегімен отбасыны сақтап, медиация тәртібімен татуласты.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі