23
тамыз
2018
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС-нің «Б» МКК-нан 750 000 тенге берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінген.
Тараптар арасында 3 750 000 тенгеден астам сомаға тауар алу туралы мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, ЖШС-і келісім бойынша өз міндеттері орындалған, ал МКК-ы тауар ақысын ішінара төлеген.
Сот талқылауы барысында төрағалық етуші судья Ульяна Хайруллина тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен шешу құқықтарын, медиация туралы шарт жасаудың тәртібі, салдары мен артықшылықтары туралы түсіндірді.
Судья-медиатор қатысуымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тараптар сотқа бекіту үшін қолдары қойылған медиациялық келісімді ұсынды. Бұл келісімге сәйкес талапкер талаптан бас тартады, ал жауапкер талап арызда көрсетілген берешекті ағымдағы жылдың тамыз айының ортасына дейін төлеуге міндеттелеген. Тараптар іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға қарсы емес.
Сот, аталған мән-жайларды ескеріп, өз ұйғарымымен тараптар арасында жасалған медиациялық келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.