20
қыркүйек
2018
Жәнібек аудандық сотына жергілікті тұрғын неке бұзу туралы талап арызымен жүгінді.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптарға медиацияның мүмкіндіктері мен салдары түсіндірілді. Тараптарға сот процесі – ұзақ процесс екеніне түсіну қажет, соның ішінде, заң бойынша сотқа талап арыз түскен соң бір айдан кейін некелері бұзылады.
Біздің жағдайда тараптар дұрыс жолды таңдады. Соттан татуласу үшін мерзім сұрап, медиаторға жүгініп, татуласты. Сот істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, істі тоқтату ұйғарым шығарды.
Медиатордың қатысуымен ерлі-зайыптылар неке бұзудың салдарын ұқыпты тыңдап, отбасының бұзылуына жол бермеді.