26
ақпан
2021
2021 жылғы 26 ақпанда БҚО ҚХА Татуласу орталығында Алғыс айту күніне орай Орал қаласы мектептерінің ата-аналар комитеті өкілдерімен офлайн және онлайн режимінде «Ризашылық» психологиялық семинар-тренинг өтті. Мектеп медиациясы қызметі (татуластыру қызметі) – бұл оқу-тәрбие қызметі процесінде туындайтын жанжалды жағдайлардың алдын алуға және шешуге жәрдемдесуге бағытталған әртүрлі деңгейдегі оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың (білім беру ұйымы қызметкерлерінің, оқушылардың, ата-аналардың және т.б.) бірлестігі.
Татуласу орталығының қызметкерлері семинар-тренингке қатысушыларға медиация мысалдарына сүйене отырып, тақырыптың мазмұнын ашты, ситуациялық жағдайларды шешу арқылы практикалық жұмыс жүргізді, қатысушылармен жанжалдардың алдын алу мәселелерін талқылады, қалпына келтіру медиациясы туралы презентация жасады.
Семинарға БҚО аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина, облыстық мәслихат депутаты, № 36 мектеп директоры Әзима Губашева және басқа да мектеп директорлары қатысып маңызды пікірлерімен бөлісті.
Семинар-тренинг соңында кері байланыс орнатылып, психологиялық-педагогикалық ықпал етудің заманауи әдістерінің бірі болып табылатын медиациямен жұмыс істеу кезінде қолданылатын жанжалды жағдайлар талқыланды.
Іс-шара соңында ата-аналар педагогтардың қажырлы еңбегі, балаларының алған білімдері үшін шынайы алғыстарын білдірді.