22
тамыз
2018
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы жұмысының нәтижесі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараға облыстық сот судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот судьялары, прокуратура, ЖПҚ, адвокатура, және медиаторлар қатысты.
Ағымдағы жылдың 25 мамыры мен 30 маусымы аралығында Орал қаласының МӘС-нда «Түнгі сот» пилоттық жобасы жұмыс жасады.
Пилоттық жобаның жүзеге асырылу мерзімінде түнгі сотпен әкімшілік құқықбұзушылық туралы 237 іс қаралды. Соның ішінде:
- 210 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жаза тағайындалды;
- 27 тұлғаға қатысты іс медиаторлардың қатысуымен қаралып, тараптардың медиативтік келісімге келуіне байланысты өндірістен қысқартылды.
Келтірілген деректер Түнгі сот қызметінің тиімділігін және азаматтардың жұмыс уақытынан тыс өздеріне жайлы уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қаралуына қатысуына мүмкіндік туғызатынын анық көрсетеді.
Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар тақырыпты талдап, барлық мүмкіндіктер мен кемшіліктерді таразылай отырып, «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет деп шешті.