31
қаңтар
2019
Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынар Шайдиева жергілікті «Agjaiyg» телеарнадан «Сот жүйесінің 7 тасы» тақырыбында сөз қозғады.
Өз баяндамасында судья Қазақстан республикасының Жоғарғы Сотының өзекті жобаларына, сот жүйесіне енгізіліп отырылған ақпараттық технологиялар, сот актілерінің сапасын арттыру, сонымен қатар «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының жүзеге асуы, дауларды шешудің балама әдістері, татуластырушы судьяларына олардың жиі кездесетін түрлері және медиация тәртібімен реттелу барысын атап өтті.
Орал қаласының №2 сотында татуластыру бағытындағы жұмыстар екі судьямен жүргізіледі. Бүгінгі таңда 344 дауды шешу бойынша жұмыс жүргізіліп, оның тек 25 (7%) атқару парағы берілді. Сәйкесінше, 317 немесе 92% сот актілері тараптармен ерікті түрде орындалады.
Атап көрсетілгендей, бұл «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының жемісі.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі