25
қаңтар
2019
Батыс Қазақстан облысының әкімі өз шешімімен Билер кеңесі туралы ережені бекітті, бұл ереже Өңір судьялары одағының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында әзірленген.
Ережемен Кеңестің негізгі міндеттері және оның қызмет тәртібіне қатысты мәселелер регламенттелген. Билер кеңесі ұлттық дәстүрлерді сақтау, қоғамның бірлігі мен толеранттығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық, селолық, кенттік, аудандық және қалалық әкімдіктер жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган ретінде айқындалған.
Өңірдің 10 ауданында қазірдің өзінде Билер кеңесі құрылған. 95 селолық округта олар өз жұмыстарын бастап осы кезге дейін 20-дан аса даудың шешімін табуға септігін тигізді.
Мысалы, Казталов селолық округінде жұмыс істейтін Билер кеңесі өткен жылы шаруа қожалығының жайылымдық жерлері арқылы өтетін суды көлге ағызып жіберу жөніндегі мәселені шешу үшін Қоныс ауылына барды. Осыған байланысты ауыл тұрғындары мен ШҚ басшылары арасында түсініспеушілік туындаған болатын. Билер дауласушы тараптардың өкілдерімен әңгімелесе келе, бұл мәселенің сотқа дейін шешілуіне қол жеткізді.
Билер кеңесі Жалпақтал және Көктерек ауылдық округтерінде үй жануарын өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету, берешекті өндіріп алу және жер телімін бөлу туралы 3 дауды шешуге ықпал етті. Билер бұл үш дауласуды реттеді.
Бөкейорда ауданының 7 селолық округінің Билер кеңесі 8 дауды шешті. Олар берешекті өндіріп алу және туысқандар мен көршілер арасындағы аралас жер телімін бөлісуге байланысты туындаған жанжалдасуға қатысты болатын .
Жаңақала ауданының Билер кеңесі 5 дауды шешті. Олардың ішінде Шару қожалығының басшысы мен жергілікті тұрғындар арасындағы дау да бар. ШҚ азаматтан малды ШҚ-ның жайылымдық жерлерінен шығару туралы талап еткен. Судья дауласушы тараптарға оны Билер кеңесіне жүгіну арқылы шешу мүмкіндігін түсіндірген, соның нәтижесінде талапкерден талап арызды қайтып алу туралы арыз келіп түсті.
Билер кеңесінің мүшелері мен азаматтардың өздері де жаңа құрылым жүйесінің тиімділігін айтып отыр, оның құндылығы адами өзара қарым-қатынастарды үзбей сақтап қалуда және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіске жол бермеуде. Бекітілген бұл ереже Билер кеңесінің жұмысына жаңа серпін береді деп болжам жасауға болады.