16
наурыз
2021
2021 жылдың 16 наурызында БҚО Татуласу орталығында мектеп медиаторларына арналған «Мектеп – медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Шараға келісілген кесте бойынша Орал қаласының 10(он) мектебінен медиаторлар қатысты.
Дау- жанжалдардың салдары мектептегі психологиялық жағдайға теріс әсер етіп қана қоймай, білім сапасына да кері әсерін тигізеді. Семинар өткізу – бұл өз біліміңіз бен тәжірибеңізді басқа адамдармен бөлісудің жақсы мүмкіндігі.
Татуласу орталығының қызметкерлері тақырыптың мазмұнын қол жетімді түрде аша отырып, медиация мысалдарына назар аударды және қатысушылармен жанжалдардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Семинарға қатысушылар пайдалы пікірлермен және ұсыныстармен бөлісті. Осы бағыттағы жұмыс облыстың барлық білім беру мекемелерімен жалғасын табатын болады.
Мектеп медиациясы әдісінің кеңінен таралуы кәмелетке толмағандарды медиативтік тәсіл, оң қарым-қатынас қағидаттарын қолдануға барынша тартуға мүмкіндік береді, олардың әлеуметтенуіне, эмоцияналдық интеллекттің дамуына, қауіпсіз білім беру ортасын құруға ықпал ететін болады.