10
қазан
2018
Бөкей ордасы аудандық соты талапкер Д-ның жауапкер Ш.-пен некені бұзу туралы азаматтық ісін қарады.
Іс бойынша талапкер Д. жауапкер Ш-ның жұмыс жасамайтынын, бала тәрбиесіне қарамайтынын айтып некені бұзуды сұраған.
Сот талқылау барысында төрағалық етуші судья тараптарға татуласуға ұсыныс жасап, медиация тәртібінде дауды реттеудің құқықтарын түсіндірді.
Тараптар кәсіпқой емес медиатордың көмегімен өзара медиативтік келісім жасап, өзара татуласып, медиатор арқылы келісімге келуіне байланысты азаматтық неке бұзу туралы істі тоқтатуды сұрады.
Соттың ұйғарымымен, тараптардың медиативтік келісімімен татуласуына байланысты, ҚР АПК-нің 277-бабының 6 тармағының негізінде іс жүргізуі тоқтатылды.