25
мамыр
2021
Соттың кез келген төрағасының қызметі жан-жақты. Бірақ біз, медиаторлар, қойылған міндеттерді орындауға мемлекеттік тәсілді жүзеге асыратын, атап айтқанда: кәсіби және қоғамдық медиаторлардың көмегімен дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтауға күш салатын судьялар туралы айтамыз.
Шынында да, өкінішке орай, қазіргі қоғам қақтығыстың жоғары деңгейімен, келіссөздер жүргізе алмауымен, сондай-ақ ымыраға келуімен ерекшеленеді.
Бірақ, Ақжайық аудандық сотының төрағасы Нұрғалиев Әлібек Мұратұлы медиаторлармен тығыз байланыста болуының арқасында ауданда медиация табысты жүргізіліп қана қоймай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтармен де жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, қоғамдық медиатор Бисеғалиев Құрман Жанұзақұлы медиациядан кейін учаскелік инспекторлармен бірлесіп медиативтік келісім жасасқан тараптармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Барлық жұмыстар Бисеғалиев Құрманның журналдарында тіркелген.
Бұл жоба – дауды медиатордың көмегімен реттегеннен кейін, тараптардың одан арғы өзара іс-қимыл процесін бақылауда ұстап, дұрыс бағыт-бағдар беретін оңтайлы әдіс. Сонымен қатар, басқа да қоғамдық медиаторларға үлгі боларлықтай игілікті іс деп ойлаймын.