16
сәуір
2019
Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде Билер кеңесінің төрағасы Тлек Арыстанбековтің басқаруымен Билер кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі сұрақтар бойынша отырыс өтті. Отырыста жобалар қабылданып, Билер кеңесінің ұйымдастыру шаралары мен негізгі бағыттары талқыланды. Билер кеңесіне түсетін арыздар мен өтініштерді қарайтын жобалар жасақталып бекітілді және жұмыс кестесі айқындалды. Отырыста талқыланған маңызды сұрақтарды бірі бұл татуласу рәсімдердің ұлғайту жөнінде сұрақтар бойынша мүдделі қызметтердің арасындағы мәліметтер мен тәжірибе алмасу және Билер кеңесінің жұмысы туралы жергілікті қоғамдармен бірлесіп өткізілетін есеп беру кездесулерді ұйымдастуры мәселелері болды.
Казталов ауданында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында Казталов ауылдық округінің Билер кеңесі мүшелері ауыл тұрғындары арасында дау-жанжалдарды шешуге белсене қатысуда. Соның бір мысалы жуырда болған ауылдың екі азаматы арасында ғы татуласуы. Бір-біріне телефон сатып алайда сатып алушы ақшасын бөліп төлейтін болып келіскенімен, келіскен мерзімде телефон ақшасын толық қайтармаған, белгіленген уақыт өткен соң телефон иесі тауарының ақшасын қайтару мақсатында сотқа жүгініп, сот кеңсесінен Билер кеңесі туралы білген соң, оларға жүгіну арқылы дауды сотқа жеткізбей ортақ келісімге келіп, бір-бірімен татуласты.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.