12
қараша
2018
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер М.-нің жауапкер Г.-ға ҚР-нан тыс жерге тұрақты шығатын баламен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық істі қарау медиация тәртібімен аяқталды.
Іс материалдары бойынша тараптардың бұрын заңды некеде тұрғаны, 2013 жылы туылған ортақ кәмелетке толмаған В. есімді қызы анасымен тұратыны анықталды.
Тараптардың арасындағы дау анасының баламен тұрақты тұрғылықты мекен-жайға ҚР-нан тыс жерге Ресей Федерациясына көшуге ниет білдіруінен туындаған.
Істі қарау кезінде психолог С. Жапакованың қатысуы сотқа қатысушыларға кәмелетке толмаған В.-нің аталған дауға пікірін, баланың ата-анасы арасындағы ара-қатынасын анықтауға, сонымен қатар баланы тәрбиелеу бойынша кеңестер алуға мүмкіндік берді.
Сот талқылауы кезінде баланың пікірін және психологтың қортындысын ескере отырып, судья-медиатордың көмегімен тараптар кәмелетке толмаған Викторияның ҚР-нан тыс жерге тұрақты тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған жағдайда, талапкердің қызымен араласуы, түнгі уақыттан басқа баланың кез-келген бос уақытында ғаламтор арқылы онлайн режимде, сонымен қатар телефон желісі арқылы жүргізілетіні туралы шарт бойынша медиативтік келісімге келді.
Дауды баламалы тәсілмен шешу баланың пікірін ескере отырып, екі жақты тиімді шарттар бойынша тараптарға дауды шешуге септігін тигізді.
Ғылыми-техникалық ілгерлеу және бүкіләлемдік ғаламтор желілері «виртуалдық» араласуға техникалық тұрғыдан мүмкіндік беріп, сот дауларын шешуде маңызды роль атқарады.