12
қараша
2018
Зеленов аудандық сотында ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы азаматтық ісі қаралды. Істің мән-жайына сәйкес, талапкер сотқа талап арыз беріп, үйдің бағалау құны бойынша 3 189 000 теңге тұратын және құны 332 000 теңге тұратын автокөлікті жалпы соммасы 3521000 теңгені бөлуді, сондай-ақ төленген 35210 теңге мемлекеттік баж салығын жауапкерден өндіруді сұрады. Сот отырысы барысында талапкер мен жауапкерден дауды медиация тәртбі бойынша реттеу туралы өтінішхаты түсті.
Сот заңға қайшы келмейтін және тараптардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтін медиативтік келісімнің шарттарын зерделеп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартып, медиативтік келісімді бекітті. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 548-бабының 1-тармағының 1-3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу бойынша 35210 теңге көлеміндегі сот шығындары талапкерге қайтарылды.