28
қараша
2018
Казталов ауданының №2 аудандық сотымен 30 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы сотқа ортақ мүлікті бөлу туралы талабында жауапкердің меншік құқығындағы тұрғын-үй, 2 автокөлік пен үй жануарларын бөлуді сұраған.
Қолданыстағы заңға сәйкес, кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңінде жинаған мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.
Сот тараптардың тілегін ескере отырып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын назарға алып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, іс іс жүргізуі тоқтатылды.