25
маусым
2018
Орал қаласының №2 сотында сот медиациясын қолданумен 1 750 000 теңге көлеміндегі шығынды өтеу туралы азаматтық істің қаралуы аяқталды.
Сотпен жауапкердің кесірінен талапкердің ЖШС-де жалда болған көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алғаны анықталды, соның салдарынан талапкерге шығын келтірілген. Тараптар сотқа дейінгі тәртіппен дауды шешу мүмкін болмағандықтан сотқа жүгінген.
Сотта тараптар медиация тәртібімен келісім шарт жасасып, өзара тиімді шешімге келді. Медиация рәсімі өз өндірісіндегі істі жүргізген судьямен өткізілді. Келісімнің шарттарына сәйкес, талапкер өз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер 2018 жылдың 1 наурыз мерзіміне дейін талапкерге 1500 000 теңге көлемінде сомманы төлейді.
Ұсынылған тараптар арасындағы медиативтік келісім сотпен заңға қайшы келмейтін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын ретінде танылып, бекітілді. Іс жүргізу ісі қысқартылды.