16
сәуір
2019
Казталов ауданының №2 аудандық сотымен бережақты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Істің құжаттарынан анықталғандай тараптар арасында жеделдік, төлемділік және қайтарымдылық талаптарында несие беру жөнінде келісім шарт жасалған. Алайда жауапкер келісім бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты 232 111 теңге бережақ сомасы жиналған. Талап қоюшы көрсетілген сомманы өндіруді талап еткен.
Сот отырысында тараптар татуласу келісім жасап, ол келісім бойынша жауапкер 2019 жылдың тамыз айының 31-не дейін бережағын толықтай қайтаруға міндеттенген.
Сот бұл келісім тараптармен өз еркілерімен жасалғанын, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын және заңға қайшы келмейтінін назарға алып, татуласу келісімін бекітті. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.