22
маусым
2018
БҚО Бөрлі аудандық сотымен талап қоюшы «А»-ның жауапкер «Е»-ге заңсыз пайдаланған жер учаскесін босату туралы арзы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында жауапкер талапкердің жалға алу келісім шарт негізінде жалға алып отырған жер участкесінде мал бағып жүргені анықталды.
Істі қарау барысында тараптар медиация туралы шарттарын сотқа ұсынып, сот медиациясы арқылы дау бойынша медиация тәртібімен бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, араларындағы келісімді бекітуді сұраған. Тараптардың арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша жауапкер «Е» 2018 жылдың 1 қараша айына дейін жер участкесін босатуға және талапкерге 130 000 теңге бөліп төлеуді міндеттенді, ал талапкер койылған талаптарынан бас тартты.
ҚР АПК-нің 277-бабының 2-бөлігінің 6-тармағына сәйкес тараптар арасында медиациялық келісімді сот бекітіп, сот ұйғарымы бойынша іс тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.