20
желтоқсан
2018
Казталов ауданының № 2 аудандық сотында жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Азамат Н. сотқа талап арыз түсіріп, онда көрсеткен, яғни 16.10.2018 жылы, К. алкогольдік ішімдік ішкен күйінде ешқандай құжаттары жоқ автокөлік басқарып, жол жүрісі заңнамасын бұзып, оның басқарып келе жатырған автокөлігіне соқтығысып, бүлінуге әкеп соққан. Осы жағдай бойынша К. соттың қаулысымен кінәлі танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде оның автокөлігіне келтірілген зиян, сарапшының есебі бойынша 251181 теңгені құрайды. Осы материалдық залал ретіндегі сома мөлшерін жауапкер К-дан өндіруді сұраған.
Басты сот талқылауында тараптарға бітімгершілікке келіп, татуласып, істі медиация тәртібімен реттеудің салдары түсіндірілді. Бұдан соң, тараптар сот ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде кәсіпқой емес медиатормен кездесіп, кейін медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекіту туралы арызбен сотқа жүгінді, яғни жауапкер 05.06.2019 жылға дейін талапкерге 251181 теңге материалдық залалды өтеуге міндеттенеді, ал талапкер койылған талабынан бас тартады.
Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім бекітілді.