20
желтоқсан
2018
Казталов аудандық сотымен жалпы құны 750 000 теңге құрайтын материалдық залалды өндіру туралы 3 азаматтық іс қаралды.
Аталған істер бойынша тараптар араларындағы дауды судья медиатор арқылы шешіп, дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініштерін мәлімдеді.
Сот тараптардың дауды медиация тәртібімен шешу жөніндегі келісімі заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, тараптардың дауды сот медиация тәртібімен шешу жөніндегі келісімі бекітілуге жатады деп тапты.
Келісімнің шарттары бойынша жауапкерлер талап арыздарды мойындап, талапкерлер жалпы құны 750 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды келісімде көрсетілген мерзімде төлеуді міндеттенді, ал талапкерлер өз талаптарынан бас тартты.
Осыған байланысты аталған азаматтық істер бойынша іс жүргізу тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.