16
сәуір
2019
1 ақпан 2017 жылдан бастап Жоғарғы Сот кейбір санаттардағы істер бойынша, оның ішінде неке бұзу туралы істер бойынша алдын ала міндетті сотқа дейінгі медиация рәсімін енгізу пилоттық жобасын іске қосты.Нәтижелері келесідей: 2017 жылы неке бұзу туралы сотқа 22 талап қою арызы берілсе, оның ішінде 9 іс бойынша тараптар медиация рәсімімен татуласқан. 2018 жылы сотқа келіп түскен 32 неке бұзу туралы талап қою арызының 7 бойынша тараптар татуласқан.18 ақпан 2019 жылдан бастап Жәнібек аудандық сотында кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және отбасын сақтауға бағытталған «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолданыла бастады.Өткен аптада Билер кеңесінің мүшесі Батма Масанова және медиатор Ерсайын Кувашев жоба аясында екі отбасымен әңгімелесу жүргізіп, нәтижесінде екі отбасы да татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.Айта кететін жайт, бұл пилоттық жоба тараптарды Билер кеңесі мүшелерінің, медиаторлардың араласуымен татуласу рәсімін жүргізуге, кәсіпқой психологтың кеңесін алуға мүмкінішілік жасайды. Осы пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында Жәнібек аудандық сотымен аудандық білім беру басқармасымен, ішкі саясат бөлімімен, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігімен, адвокатпен, медиаторлармен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, «Отбасылық сотты» дамытуға бірігіп күш салуға келісілді.