12
қараша
2018
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер мен жауапкердің арасында кәмелетке толмаған 2016 жылы туған баланың әкесін анықтау және кәмелеттік жасқа толғанша алимент өндіру туралы дау сот медиациясын қолдану арқылы шешілді.
Сотқа талап арыз бергенге дейін жауапкер өзін баланың әкесі деп танудан бас тартты. Істі сотта қарауға әзірлік барысында тараптарға дауды медиация жолымен шешу мүмкіндігі түсіндірілді. Сол күні тараптар әке болуды анықтау туралы куәлік алу үшін Орал қаласының АХАЖ органына жүгінді.
Ювеналды соттың АХАЖ органымен ынтымақтастығы арқасында және тараптардың қала аумағынан тыс аудандарда тұрулары ескеріліп, сол күні аталған құжат пен әкесі туралы мәліметтер көрсетілген баланың жаңа туу туралы куәлігі алынған. Кейін алимент өндіріп алу туралы дау бойынша тараптар арасында медиациялық келісім жасалып, талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылып, іс сот өндірісімен қысқартылды.