20
желтоқсан
2018
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі маманданырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.
Істі сотта қарау барысында тараптар заңды тұрмағандары, араларында ортақ 3 жасар баласы бар екені және ол анасының тәрбиесінде
екені анықталды.
Жауапкер бөлек тұрады және ол талапкермен араларындағы ауызша келісім шартты бұза отырып, келісілмеген уақытта, ескертусіз
баламен кездесуге келетіні, талапкердің отбасына алаңдаушылық туғызады. Сот отырысы барысында тараптар өзара келісіп, жауапкер
кәмелетке толмаған баласымен әрбiр жексенбi күні сағат 12.00-ден 14.00-ге дейiн талапкердiң тұрғылықты мекен-жайы бойынша
кездесетіні туралы медиативтік келісім жасалды.
Ата-анасы, баланың жасының өзгеруіне және басқа да объективті жағдайларда баламен араласу тәртібін өзгертуге, алдағы уақытта баланы тәрбиелеу мен білім беруді баланың қызығушылығына қарай өзара шешетіндері туралы келісімге келді.
Медиативтік келісім сотпен бекітілді.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.