25
маусым
2018
Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен отбасылық дауларды, оның ішінде алимент мөлшерін азайту бойынша дауларды қарау кезінде медиация институтын дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.
Бұрынғы жұбайының және қазіргі жұбайының пайдасына балаларды асырап бағу үшін алимент төлеп отырған талап қоюшы Н., алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Арызында өзінің қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты, аталған талапты қоюға себеп болғандығы туралы уәж келтіреді.
Тараптардың өтініштері бойынша алдын ала тыңдау барысында сотпен сот медиациясы рәсімі өткізілді. Нәтижесінде тараптар талапкерден қос бірдей жауапкердің пайдасына өндірілетін алимент мөлшерін азайтуға келісті.
Талапкер тарапынан күтіп-бағуға балалардың тең құқықтылық қағидаттарына сүйеніп, талапкерден қос бірдей жауапкердің пайдасына өндірілетін алимент мөлшері оның табысының ¼-нен 1/6 бөлігіне дейін азайтылды.
Келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмегендіктен және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбағандықтан, ол сотпен бекітілді. Талапкерге сотқа талап арыз беру кезінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.Азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.