16
сәуір
2019
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық істері бойынша екі медиативтік келісім жасалды.
Бірінші іс бойынша тараптардың некеде тұрмағанына байланысты үш баланың кіммен бірге тұратынын анықтай алмаған. Екінші жағдайда тараптар ажырасқаннан кейін бала 2 жыл бойы анасымен тұрып келген,алайда тараптардың дауласуына байланысты келісе алмаған. Екі жағдайда да психологтің қатысуынсыз,оның пікірінсіз істі қарау мүмкін болмаған. Сот психогологті қатыстырып,балалардың пікірін анықтап,олардың ата-аналырымен қарым-қатынасын анықтауда білікті маманның атаулы көмегі тиді. Бар мәліметтер негізінде ата-аналар психологтің ұсынымдарын алды. Осы талаптарды ескере отырып тараптар медиативтік келісімге келді,бір жағдайда балалар анасымен,екінші жағдайда әкесімен балалардың тұрғылықты жерін анықталды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық соты.