22
маусым
2018
Орал қаласының ЖШС-і қызметкерінің бірі сотқа жұмыс берушіден 140 000 теңге мөлшерінде еңбекақы бойынша қарыз сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.
2015 жылдың ақпан айында талапкер мен жауапкердің арасында еңбек шарты жасалған, талапкер техникалық қызметкер ретінде жұмыс атқарған. 2017 жылдың қараша айынан бастап жауапкер талапкерге жалақысын төлемеген, сол себептен 2018 жылдың наурызынан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды. Дауды сотқа жеткізбей реттемек болған әрекетінен ештеңе шықпаған талапкер сотқа шағымдануға мәжбүр болды.
Тараптарға алдын-ала сот талқылау барысында татуластырушы-судья дауды медиация тәртібімен шешуге ұсынды. Медиацияның артықшылықтарын түсінген тараптар судьяның ұсынысын қабылдап келісім жасасты.
Жауапкер талапкердің алдында еңбек ақысы бойынша қарыз сомасын мойындап, осы жылдың мамыр айының соңына дейін төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы өз талап арызынан бас тартты.