17
қыркүйек
2018
Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ҚК-нің 131-бабының 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық ісін қарады.
Іс бойынша азамат Х сотқа шағым жазып, көршісі Б-тің қорасына өзінің қойларын қарауға барған кезде, көршісі арақ ішкен мас күйде бола тұрып, айқай шу шығарып, неше түрлі дөреке сөздер айтып, боқтап балағаттап, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, абыройын түсіргені үшін ҚР-ның ҚК-нің 131 – бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.
Сот талқылау барысында төрағалық етуші судья тараптарға татуласуға ұсыныс жасап, медиация тәртібінде дауды реттеудің құқықтарын түсіндірді.
Тараптар кәсіпқой емес медиатордың көмегімен өзара медиативтік келісім жасап, өзара татуласып, медиатор арқылы келісімге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Соттың қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиативтік келісіммен татуласуына байланысты, ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 5-тармағының негізінде іс жүргізуін тоқтатты.